Page 86 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 86

53.


                         Социалистік Қазақстан. - 1951. - 20 қыркүйек (сентябрь). - Б. 4.







                       5 желтоқсан         Невзоровтар отбасы мұражайына 40 жыл (1985)





                                               Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған
                                        ірі  мәдениет  орындарының  бірі  –  Семей  қаласындағы
                                        Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық
                                        бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылған.


                                               Мұражайдың  бітім  болмысын  революцияға  дейінгі
                  орыс өнері айқындайды.

                         Мұражай  коллекциясы  отбасы  Невзоровтар  атынан  сыйлыққа  келген
                  500-ден астам орыс, шетел туындыларынан жинақталды. Оның ішінде ХУІІІ-
                  ХХ ғасыр аралығында дүниеге келген сурет және кескіндеу өнерінің бір топ
                  тамаша туындылары,  С. Щедрин, К.Лебедев, К.Брюллов, И.Шишкин сияқты
                  атақты  қылқалам  шеберлерінің  өшпес  туындылары  бар.  Невзоровтар
                  отбасының  коллекциясы  өзіндік  тарихын  тереңнен,  сонау  ХІХ  ғасырдан
                  бастайды.  Өнерді  терең  бағалай  білетін  отбасы  Юлий  Владимирович  көп
                  жылдарғы жинақтаған мәліметтерін мұражай қорына тапсырды.


                         1991  жылы  мұражайға  Невзоровтар  отбасы  атауы  берілді.  Мұражай
                  коллекциясының           қатарын       қазақстандық        Ә.Қастеев,       А.Ғалымбаева,
                  Г.Исмаилов,  С.Мәмбеев,  Е.Сидоркин,  М.Айтбаев,  Б.  Түлкиев  сынды  қас
                  шеберлердің  туындылары  толықтыруда.  Мұражай  қорында  3600  өнер
                  туындылары, соның ішінде 1000 экспонат Қазақстан бейнелеу өнері жайында
                  баяндайды.


                         Мұражай  қызметкерлері  де  үлкен  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын
                  жүргізіп, соның нәтижесінде тұңғыш каталог жинағын баспаға әзірледі.


                         Мұражайдың  шығармашылық  туындылары  тек  облыс  көлемінде  ғана
                  емес,  Астана,  Алматы,  Павлодарда  да  көрермендер  назарына  ұсынылуда.
                  Мұражай  жанында  лекторий,  балалардың  көркемсурет  студиясы  жұмыс
                  істейді, классикалық музыка кештері өтеді.

                         1995  жылы  Қазақстан  мәдениетін  дамытудағы  зор  еңбегі  бағаланып
                  Ю.В.Невзоров Елбасының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91