Page 79 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 79
16 қазан Әнші, сазгер Тоқтар Серіковтың туғанына 50 жыл
(1975)
Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының
Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ
ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, термеші,
домбырашы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі
осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся
Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп
тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ
бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі
өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып,
домбыра тартқан өнерлі жан болған екен.
1999 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Мемлекеттік
«Дарын» жастар сыйлығының иегері.
Әдебиеттер:
Серіков Тоқтар // https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2
17 қазан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері, әнші
Толқын Забированың туғанына 55 жыл (1970)
1970 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан
облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Музыкаға бала
кезінен-ақ жақын болған. Толқын алғаш сабақтарын Аягөз
бастауыш музыка мектебінен алған. 1979 жылы А. Жұбанов
атындағы Республикалық музыка мектебінің "хор
дирижеры" сыныбына оқуға түсіп, 1988 жылы ойдағыдай
аяқтайды. 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясының жеке ән айту мамандығы бойынша вокалды-хор
факультетінің КСРО Халық әртісі, профессор Б. Төлегенованың класына оқуға
түседі. Оны 1993 жылы үздік аяқтайды.

