Page 28 - Календарь - 2026 год Семей
P. 28
Моңғолияда да өнер керсетті. Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа
өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға
болады. Жүсіпбек Елебековтің «Мәдениет Ешекеев – халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұған дейін де жалғаса жатар.
Әзірге, Мәдениет – жалғыз», - деген бағалы сөздері осыған дәлел.
Әншінің орындауындағы «Жиырма бес», «Сұржекей» тағы басқа қазақтың халық
шеберлікпен орындап қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл
шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын
Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің бас шырақшысы Т.Ибрагимов.
Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы
«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті
атақтары берілді.
Күміс көмей әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 1997 жылы дүниеден өтті.
Дархан дарынның орындаушылық өнері, қоңыр дауысы халық жүрегінде мәңгіге
сақталады.
Әдебиеттер:
Елеуғожин Б. Әнші бақыты // Семей таңы. - 1992. - 27 қазан.
Ешекеев М.Қазақ ССР-нің Халық артисі атағын беру туралы // Семей таңы. - 1987. -
6 май.
Ибрагимов Т. Домбыралы ән: толқын толғау. - Алматы: «Өнер», 2000. -269-283 б.
Иманбаева Д. Ешекеев - ел есінде // Мәдениет. – 2017. - №5. - Б. 32
Мәдениет Сейітжанұлы: Қазанама // Қазақ әдебиеті. - 1997. - 12 тамыз.
Шыңғысұлы Б. Жүсіпбектің шәкірті // Семей таңы. - 1976. - 15 январь. Шығыс
жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. -Астана: Фолиант, 2011. –Б.218
Мәдениет Ешекеев – қазақтың дара дарыны // https://qazaqstan.tv/
15 шілде Кеңес Одағының батыры Қапай
Ысқақовтың туғанына 120 жыл (1906-1973)
Ысқақов Қапай 1906 жылы 15 шілдеде Георгиевка селосында
шаруа отбасында дүниеге келген (қазір Қалбатау, Жарма ауданы,
Абай облысы). Білімі бастауыш. Үй шаруашылығында, совхозда
ағаш шебері болып жұмыс істеді. 1940 жылдан Қызыл Армия
қатарында. Соғыстың алғашқы күнінен бастап әрекеттегі Армияда.
Батыс, Оңтүстік, Сталинград, Воронеж, 2-ші және 1-ші Украина
майданында шайқасты. 1941 жылы қорғаныс ұрыстарына,
Сталинградты қорғауға, Украинаның Солтүстік жағалауын азат
етуге, Корсунь-Шевченко шабуылдарына қатысты. Уманск-Ботошан
шабуылында ерекше көзге түсті (Днепр-Карпат стратегиялық шабуылы. 1944 ж.) 1944
жылы 28 наурызы күні түнде Петрешты (қазір Петрешть Унген ауданы, Молдовия)
селосы маңында К.Ысқақов бөлімі батальонның ашық қанатындағы позицияны қорғады.
Жауынгерлер жаудың 5 қарсы шабуылын тойтарды, жаудың басып алуына және
батальонды ашық қанаттан қоршауға алуына жол бермеді. Ұрыс барысында Қ.Ысқақов
жарақат аласа да, ұрыс даласын тастап кетпеді. Жауынгерлер шамамен 40-тан аса жау
солдатын жойды.

