Page 26 - Календарь - 2026 год Семей
P. 26

7 мамыр                                                                  «Радио7» құрылғанына 25 жыл   (2001)


                                             «Радио7»  106,9  толқынында  алғаш  рет  эфирге  2001  жылы  7
                                     мамырда шықты.
                                             Ноt  АС/СНR  форматындағы  -  Белсенді  және  позитивті  (20-40
                                     жас аралығындағы) аудиторияға арналған ырғақты әуендер «Радио 7» -
                                     Семей  қаласындағы  жеке  жаңалықтар  қызметі  бар  музыкалык
                                     радиостанция.  Берілетін  ақпараттарда  негізгі  акцент  -  қаладағы
                                     жаңалықтарға  жасалады.  Ақпараттық  шығарылым  уақыты  күнделікті
                  07:00 ден 19:00 -ге дейін
                         Радио қабылдау 35-40 шақырымға дейін сенімді түрде “Радио 7” басты
                         мақсаты тұрғындарға мен қала қонақтарына отбасылық атмосфера жасау. Сондай-
                  ақ,  тыңдаушыларға  сапалы  музыка,  жаңалықтар,  театр,  әдебиет,  мейлі  кино,  демалыс,
                  ойын-сауық және саяхат жайлы ақпарат беріп, дұрыс бағыт бағдар беру. Ең бастысы - қала
                  және  оның  тұрғындары  үшін  барынша  пайдалы  болып,  көздеген  мәселерге  бірге  қол
                  жеткізу.  Әрбір  тұрғынды  мейірімділікке  шақырып,  әрбіреуін  қолдап,  бұл  әлемді  жақсы
                  жаққа өзгертуге қол ұшын тигізу.
                         Эфирге өзіндік жеке  Ргоduсtіоп студиясында жасалатын бағдарламалар мен қатар
                  өзге де серіктестердің өнімі шығарылады («Апельсин» студиясы Москва қаласы, студия
                  «Седьмое небо» студиясы Казань қаласы). Осылайша
                         «Радио7»  тыңдармандары  үшін  жан-жақты  сапалы  музыкамен  қамтамасыз  етуге
                  тырысады.  Біздің  толқында  әр  тыңдарман  көңіліне  сай  өнім  бар.  Олар  жайлы
                  «Бағдарламалар» бөлімінен біле аласыздар.
                         Ргоduсtіоп    студиясында  радиожарнама  мен  басқа  да  аудиопродукция
                  жасалады.“Радио  7”  -де  қаладағы  жарнамалық  блоктар,  хабарландырулар,  демеу
                  көрсетілетін  бағдарламалар  және  ойындарға,  жарнамалық  акциялар  үшін  мүмкіндігі  ең
                  кең кеңістік.

                                                          Әдебиеттер:

                          Семейдің кәсіпорындары мен мекемелері. - Семей, 2018. - 287- Б.295


                  3 маусым                                  Жазушы Семен Анисимовтың туғанына 115 жыл
                                                                                                    (1911-1970)


                                         Анисимов  Семен  Михайлович  (1911-1970)  –  ақын,  прозашы,
                                  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысушы,
                                  журналист.
                                         1911  жылы  19  қыркүйекте  Семей  облысы,  Өскемен  уезі,
                                  Красноярскі  (қазіргі  Предгорное, Глубокое  ауданы)  ауылында  шаруа-
                                  атбегі  отбасында  туған.  Балалық  шағы  ауыр  болады.  Ата-анасынан  ерте
                                  айырылып,  жеті  жасынан  өз  атасына  малшы  болып  жалданған.  Жеті
                                  сыныптық  мектепті  бітірген  соң  Өскемен  педагогикалық  техникумында
                  (қазіргі  Шығыс  Қазақстан  гуманитарлық  колледжі  (ШҚГК)  оқыған.  Театр  мен  кино
                  саласында  да  өзін  сынап  көреді.  Мәскеуден  оралған  соң,  Семей  педагогикалық
                  техникумында  (қазіргі М.  О.  Әуезов атындағы  педагогикалық  колледж)  білім  алады.
                  Оқуын аяқтамастан-ақ, Анисимов «Прииртышская правда» газетінде еңбек жолын бастап
                  кетеді.  Осы  кезден  бастап  өлең  жаза  бастайды.  Алғашқы  өлеңі  1928  жылы  «Новая
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31