Page 23 - Календарь - 2026 год Семей
P. 23

Оның  шығармалары  «Шырқа  керней»(1983  ж.),  “Ар  өлшемі”(1984  ж.),  “Байғазы“  (1989
                  ж.), “Алматы. Желтоқсан-86” (1991 ж.) жинақтарына енген. “ХХ ғасырдың обасы” (1989
                  ж.),  “Үш  күннің  дерекнамасы”  (1993  ж.),  “Қайсар  рухты  қазақ”  (1994  ж.),  "Қазақтың
                  Желтоқсаны” (2006 ж.) кітаптарының авторы.
                         "Құрмет"  орденінің  иегері.  «Астанаға  10  жыл»,  "Қазақстан  Республикасы
                  Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан
                  Республикасы  Тәуелсіздігіне  25  жыл","Желтоқсан  Ардагері",  "ҚР  Ұлттық  Ұланының
                  үздігі"  медальдарымен,  ҚР  Президентінің  Алғыс  хатымен,  Ақпарат  және  баспасөз,
                  Қоршаған  ортаны  қорғау  минстрліктері  мен  Алматы  қаласы  Әкімінің  Құрмет
                  грамоталарымен марапатталған.

                                                          Әдебиеттер:

                         Қазақ  әдебиеті:  энциклопедиялық  анықтамалық  /  бас  редактор  И.  Н.
                  Тасмағамбетов. – Алматы, «Аруна», 2005.- Б.490
                         Қазақстан  жазушылары.  XX  ғасыр:  анықтамалық  /  құраст.:  Е.  Дүйсенбайұлы,  А.
                  Естен. - Алматы, «Ана тілі», 2004. - Табеев Қайым-Мұнар: Б. 295.
                         Қазақстан жазушылары: анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы: Ан-
                  Арыс, 2009. - Б. 396
                         Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.
                  – Б. 719-720.
                         Табеев Қайым-Мұнар // https://kk.wikipedia.org/wikihttps://kk.wikipedia.org/wiki


                  7 мамыр                                             ТВК-6 телеарнасының құрылғанына  35 жыл (1991)


                                                               Сонау 90-шы жылдардағы журналист-оператор
                                                        Омарбек Байуақовпен бірге радио мен теледидарлық
                                                        хабар тарату жөніндегі комитеттің ұжымында жұмыс
                                                        істеу  бақыты  бұйырғандардың  барлығы  да  алғашқы
                                                        қадамның  қалай  жасалғаны,  жұмыстың  қалай
                                                        басталғаны      жайлы      жақсы      біледі.    Кеңес
                  телеарнасының алаңында жүргенде-ақ бұл адам альтернативті телевидение жасауды ойға
                  алған болатын. Ол кезде  «коммерциялық» және  «мемлекеттік емес» деген сөздер мүлде
                  айтылмайтын,  тілдік  қолданыста  тек  қана  «мемлекеттік»  деген  ұғым  ғана  болатын  да,
                  қоғам да жаппай солай ойлайтын.
                         Осылайша, өндіріс, ауыл шаруашылығы және т.б. саласында кооператив- тер кұру
                  туралы құжат пайда болды. Алайда оның не екені, қалай жұмыс істейтіні туралы ешкімнің
                  хабары  жоқ  еді.  Иә,барлық  уақытта  өзгелерден  гөрі  алдындағыны  ертерек  көре  білетін
                  көкірегі  даңғыл  адамдар  болған.  О.Қ.Байуақов  -  сондай  адамдардың  бірі.  Оның
                  «коммерцияландыруды» ойластырған барлық ой-пікірін қоя тұрайық, тек «Тәуекел түбі -
                  желқайық, өтесің де кетесің» деп тәуекелге бел буып, алғашқы болып қадам жасағанын
                  айтсақ жеткілікті.
                         Пікірлес  жандардан  кұралған  шағын  топпен  (өзі  қандай  болса,  сондай  адамдар)
                  жаңадан ашылған ТВК-6 телеарнасының су жаңа директоры
                         радио-теледидар  хабарларын  тарату  орталығынан  екі  бөлмені  жалға  алды  да
                  аймақтың жаңалықтар жонына түрен салды. Әрине, «жаңа ойлауды» қалыптастыру үшін
                  жұмыс істейтін жаңа дүние қызықты болуы, пікірталас тудыруы, пікір қайшылықтарына
                  қарсы  тұру  керектігі  белгілі  болатын.  Тәжірибелі  тележурналист  міндетті  түрде
                  жаңалықтар топтамасын ұсыну қажеттігін түсінді, сондықтан қала тұрғындарын қаладағы
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28