Page 24 - Календарь - 2026 год Семей
P. 24
түрлі оқиғалардан хабардар етіп отыруды жолға қойды.
Жаңа телевидение аяқтан тұру үшін қаражат керек екені белгілі, сондықтан оны
еңбектеніп таба білу қажеттігі тұрды. «Сіздің өтінішіңіз бойынша» бағдарламасы «алтын
кеніші» болды десек артық айтқанымыз емес. Туған күн, мерейтой, жеңімпаздарды және
басқа да құттықтаулар эфир уақытын жабатын. Тапсырыс берушілер өздерінің жақын
адамдарын көгілдір экраннан көріп қуанса, олардың «эстетикалық аштығын» күні бойы
Татьяна Буланова, «Фристайл» тобы, Добрынин және басқалар қанағаттандыратын.
Кішкентай «бөлмелік телевидениеден» басталған компания өсе келе 80- 90 адам
жұмыс істейтін үлкен ұжымға дейін кеңейді. «Директор» енді «Бас директор» деп аталды,
оның жетекшілігімен телевизиялық компания ғана жұмыс істеп қоймай, екі баспа
басылымы - орыс тіліндегі «Спектр» және қазақ тіліндегі «Ертіс өңірі» басылымдары
жарық көре бастады. Мемлекеттік емес көп деңгейлі бұқаралық ақпарат құралдары
органдарын құру өте күрделі мәселе. Мұндай кызметті өндіріс саласындағы жекеменшік
кәсіпорындармен бір қатарға коюға келмейді. Себебі, әңгіме адамдардың акыл-ойы
турасында, ал бұл тек кәсібилікті ғана қажет етіп қоймайтын, не істей аламын және нені
істей алмаймын, қалай істеймін және бұған қандай қаражат қажет деген сияқты жан-
жақтылыкты талап ететін жұмыс.
Медиа-холдингтің көпсалалы қызметі үлкен алаңдарды талап етті. Сондықтан кала
орталығында ұжымдағылардың өз күштерімен қалпына келтірілген ғимарат бой көтеріп,
компания автопаркі ұлғайды, шетелдік «Шарп-лайн» баспахана орталығы іске қосылды,
ТВК-6 енді өзін тек телеарна, баспасөз құралдары редакциясы түрінде ғана емес, сонымен
қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру орталығы, жүздеген жас маманның журналистік
жолдағы алғашқы қадамын қалыптастыратын ұстахана ретінде көрсете бастады. Олар
қазір Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі телеарналар мен басылымдарда жемісті еңбек
етуде.
Медиа-холдингте дәстүрге айналған шаралар жалпы қалалық деңгейге көтерілді.
Ол, «Күн күлімдейді», «Күзгі марафон», «Спектр представляет» сынды іс-шаралар болып
табылады. Соңғы бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан халықаралық «Мәңгілік
полк» акциясының бастамашысы және ұйымдастырушысы - «ТКВ-6» телекомпаниясы.
Арнаның қарапайым көрермендері үшін көрермендермен жұмыс жасаудың ең озық
және жаңа формаларын әрқашан ТВК-6 журналистері пайдаланатындығын айту артық
емес. Олардың ішінде ақпараттық бағдарламалар, тікелей эфирлер, қаладағы өткен іс-
шараларды ізін суытпай көрерменге ұсынып отыратын бағдарламалар осының айғағы.
Телекомпанияның ең басты бағдарламаларының бірі - қасиетті Рамазан айының
ұмытылмас түні - «Қадір түні» ТВК-6 арнасында соңғы 15 жыл бойы үздіксіз өткізіліп
келеді. Бұл ретте электрондық БАҚ-тардың ішінде аталмыш арнаның көрерменмен
байланыстың ең қиын түрін - тікелей эфирді таңдап
алғанын айтпау мүмкін емес әрі қазіргі нарықтық экономика заманында бұл
қызметі үшін мешіттерден бір тиын да ақы сұрамайтыны тағы бар.
Телекомпанияның кұрылғанына 35 жыл. Командада шамамен жүз адам жұмыс
істейді. Осы кезеңде көптеген жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізді, мыңдаған жастар
осы командада жұмыс істеді және үйренді, ондаған маман бұрынғы кеңестік кеңістіктегі
түрлі қалаларда, шетелдерде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының телевизиялық
компанияларында біліктілігін арттырды. Бүгінгі күні ТВК-6 телеарнасының хабар тарату
уақыты тәулігіне 19 сағатты құрайды, сандық теледидарды дамыту сәтті жүзеге
асырылуда. Бұл секторда ТВК-6 жаңа кезеңді - цифрлық форматты меңгерген бірінші
және әзірге жалғыз аймақтық арна болып отыр. Бұл дегеніміз, тарих жалғасып қана
қоймай, сенімді де тұрақты түрде жазыла береді деген сөз.

