Page 27 - Календарь - 2026 год Семей
P. 27

деревня»  газетінде  жарияланады.  Оның  туындыларының  басты  тақырыбы  –  Ертіс  және
                  ертістіктер.
                         1931-1933  жж.  және  1936-1941  жж.  облыстық  «Прииртышская  правда»  газетінде
                  сектор       меңгерушісі,        бөлім        меңгерушісі        қызметтерін        атқарған.
                  1933-1935  жж.  С.  Анисимов  Қызыл  Әскер  қатарында  бола  жүріп,  В.  В.  Воровской
                  атындағы Ленинград мемлекеттік журналистика институтында сырттай оқып, 1941 жылы
                  аяқтайды. Семейде жүрген шағында соғыс басталып кетеді. С. Анисимов соғыста Брянскі
                  майданында, Курскі маңында, Полесьеде қатардағы жаяу әскер санатында болады. 1944
                  жылдың  мамыр  айынан  «В  бой  за  Родину»  және  «Советский  танкист»  дивизиялық
                  газеттерінде  әскери  тілші,  хатшы  болған.  Эльба  жерінде  соғысты  аяқтайды.
                  1946-1970 жж. С. Анисимов «Прииртышская правда» облыстық газетінде әдеби қызметкер
                  болған. Бұл кезде С. Анисимов 50-70- жылдардағы
                         жазушыларға ұстаз әрі тәлімгер еді.
                         Семен  Михайлович  –  «Прииртышье»,  «Родничок»,  «Смородинка»,  «Окно  в
                  юность»  атты  жыр  жинақтарының,  «Тайна  Парамона  Крутихина»,  «Медная  верстатка»
                  прозалық жинақтарының авторы. Өлеңдері лирика мен сезімге толы. 1970 жылы қайтыс
                  болды.

                                                          Әдебиеттер:

                         Анисимов С. Прииртышье: стихи. - Алма-Ата, 1954. - 64 с.
                         Анисимов С. Родничок: стихи. - Алма-Ата, 1956. - 80 с.
                         Анисимов С. Смородинка: стихи. - Алма-Ата: Казгослитиздат, 1962. -  84 с.
                         Анисимов С. Тайна Парамона Крутихина: повесть и рассказы. - Алма-Ата, 1969. -
                  110 с.
                         Анисимов С. Медная верстатка: повести и рассказы. - Алма-Ата: Жазушы, 1972. -
                  120 с.


                  16 маусым                                                                           Қазақстанның халық әртісі, әнші
                                                                       Мәдениет Ешекеевтің туғанына  90 жыл (1936-1997)


                                                Ешекеев Мәдениет 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей
                                         облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған. 1954
                                         жылы  орта  мектепті  бітіргеннен  кейін  Мәдениет  колхозда
                                         жұмысшы  болып  еңбек  етті.  1955  жылы  Алматы  қаласында
                                         Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп,
                                         әншілік  дарынын  танытты.  1956  жылы  атақты  әнші  Жүсіпбек
                                         Елебековтің  шәкірті  ретінде  «Қазақконцертке»  шақырылды.  Сол
                                         жылдан     бастап    Семей     облыстық     Ә.Қашаубаев      атындағы
                                         филармониясында                  еңбек етеді. Ешекеевтің әсем үнді, кең
                                         диапозанды, лирик драмалық тенор дауысты.
                                                Әншінің  шығармашылығында  қазақтың  халық  әндерінен
                                         бастап  Абайдың,  Біржанның,  Ақанның,  Жаяу  Мұсаның,  Балуан
                  Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кеннің, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б.әндері бар.
                         М.Ешекеев әсіресе, Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал
                  әнші.  Әнші  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар»  -  ұлы  Абайдың  музыкалық  мұрасынан,  «Ән
                  көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан
                  тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық
                  облыстарының  халықтарының  алдында  өнер  көрсетті.  Сонымен  қатар  Ресейде,
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32