Page 21 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 21
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 190 б.
Атаханов Н. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -
Алматы: «Аруна», 2005.-72 б.
Жұманов Б. Дарынды талант иесі // Ертіс. -1965.-31 январь
Құндақбаев Б. Семей театры // Мәдениет және тұрмыс. - 1964. -20-21б.
Құндақбаев Б. Семей театрының спектальдері // Жұлдыз. - 1960.-№8. -
154-160 б.
Қыдыралин С. Сахна саңлағы // Ертіс. -1965. -17 апрель.
Өмірғалиев Т. Өнерлі жан // Ертіс .-1965. -17 апрель.
15 ақпан Қазақстан Республикасының Халық әртісі
Күләш Сәкиеваның туғанына 105 жыл (1920-2018)
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш
Сырымбетқызы Сәкиева 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс
Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған. К. Сәкиева
1937 жылы Алматы мемлекеттік театр училищесіне түсіп,
1941 жылы училищені үздік бітірген соң, Жамбыл
облыстық музыкалы-драма театрына актриса болып
орналасады. Сахна табалдырығын сонау 1940 жылдары
аттаған жиырма жастағы Күләш соғыс жылдарында да
сахнадан қол үзбей, қантөгіс жылдары қамкөңіл халықтың көңілін кішкене
болса да серпіліп қалса екен деген ниетпен күні-түні шаршамай еңбек етті.
Алматыда рабфакта оқып жүрген жерінен Еңбекші қазақ ауданы театрына
ауысып кетті. Осында еңбек етіп, шағын рольдермен шеберлігін көрсете білген
болашақ актриса бойдағы дарынын біліммен ұштастыру мақсатында Алматы
театр училищесіне келіп түсті. Актерлік қызметін Жамбыл театрында бастаған
Күләш апамыз Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Содан бері өзінің
Меккесіндей болған Семей топырағына табан тіреу, онда ғұмыр кешуді өзіне
бақыт санаған Күләш Сырымбетқызы Абай атындағы музыкалы сазды драма
театрында 300-ден астам арулар бейнесін сомдады. Ол әр кейіпкерлерді
бейнелеуде әр қырынан көрініп, көрермендердің есінде қалатын жарқын
образдар жасады. Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра, Любовь Яровая,
Ана-Жер ана, Жүзтайлақ және басқа да кейіпкерлер образдары қазақ сахна

