Page 19 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 19
М.С.Панин төрт бірдей көлемді ғылыми монографияның авторы.
Оның басшылығымен оқу орында ірі ғылыми мектеп ұйымдастырылып,
экология кафедрасы ашылған. Кафедра ғалымдары ҚР ұлттық ядролық
орталығымен, ТМД елдеріндегі қоршаған ортадағы радионуклиндер мен ауыр
металдарды зерттеу төңірегіндегі алыс-шетелдегі ғылыми орталықтармен,
жетекші оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды.
М.С.Паниннің басшылығымен Семей қаласында «Қоршаған ортадағы
ауыр металдар мен радионуклидтер» проблемасы туралы алты Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтті. Конференцияға алыс-жақын
шетелдегі жетекші ғалымдар қатысып, дүние жүзі ғалымдары арасында үлкен
қоғамдық пікірталас туғызды. 2000 жыл М.С.Панин ғылым мен техниканы
дамытуға қосқан үлесі үшін ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік
ғылыми степендия иегері болды.
М.С. Панин «Құрмет белгісі», «Достық» ордендерімен, В.И. Лениннің
туғанына 100 жыл толуына орай мерекелік медалімен, Ы.Алтынсарин
медалімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен»,
Ресейдің Пушкин медалімен марапатталған. «СССР халық ағарту ісінің озаты»,
«ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР ғылымды дамытқаны үшін» т.б белгілері бар.
2010 жылы «Жоғарғы оқу орнындағы ең үздік ұстаз» атты мемлекеттік грантын
иеленді. Семей қаласының, Бородулиха ауданының Құрметті азаматы, «Қазақ
ССР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері»
2019 жылы 30 шілдеде өмірден өтті.
Әдебиеттер:
Панин М.С. «Жұмыссыз күнімді өлі күнге санаймын» // Ертіс өңірі. -
2010. - 3 ақпан. - Б.12
Әліәкбар.С. Қазақстан ғылымының таңшолпаны: жерлесіміз СМПИ-дің
ғылыми жұмсытар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,
академик М.С. Панин жайлы// Аудан тынысы. - 2010. - Б.3
Есенжолов Е. Педагог, ғалым, қоғам қайраткері: Шәкірім атындағы
университетінің ұстазы, жаратылыстану ғылымдарының академигі Панин М.С.
60 жаста // Семей таңы. - 2000. - 3-9 ақпан
Қуанғалиева А. Паниннің еңбегі алтын медальмен бағаланды: професор
М.Панин биогеохимия саласындағы іргелі зерттеулері үшін сапа дипломымен
және алтын медальмен марапатталды// Дидар, - 2013.-16 қаңтар.- Б.1

