Page 20 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 20
Тәлтенов А. Кемелдікке жол тартқан ғұмыр: Шәкәрім атындағы
университетінің ұстазы, биология ғылымдарының докторы Панин М.С. 60
жаста //Семей таңы. -2010. -4 ақпан. -Б.4; Ертіс өңірі.-2010.-22 желтоқсан.-Б.1;
Семей таңы. - 2012. - 22 мамыр. - Б.2
Ізғұтдинов М. Танымал ғалым//Семей таңы. - 2005. - 11 ақпан. - Б.12
12 ақпан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, сахнагер
Нұритдин Мұхаметқалиұлы Атахановтың туғанына 120 жыл (1905-1974)
Актер Нұритдин Атаханов 1905 жылы Өскемен
қаласында туған. 1919 жылы Өскемендегі жоғары
бастауыш училищесін бітірген. 1924-34 жылдары сот,
прокурор, тергеуші болып сот орындарында әртүрлі
қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Киелі
саханадағы өнер жолын 1922 жылы Өскемен
қаласындағы қазақ-татар труппасынан бастады. 1930-40
жылдары Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Павлодардағы
қазақ театрларында бастады. 1958 жылы Мәскеуде өткен
қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1952-
1975 жылдары өмірінің соңына дейін барлық актерлық
ғұмыры Семейдегі Абай атындағы музыкалы драма
театрында өткен. Актер отыз жыл ішінде екі жүзден астам рольді сахналады.
Олардың ішінде, әсіресе, «Арқалық батырдағы» - Арқалық, «Қыз Жібектегі» -
Базарбай, «Майрадағы» - Тайман, «Қозы Көрпештегі» -Қодар т.б. образдары
халық көңілінен шыққан шынайы образдар. Ол өзінің сомдап шығаратын
рольдеріне барынша ізденіп, әдебиеттерді ақтарып дайындалатын. Семей
сахнасының саңлағы өз өнеріне, өзінің шығармашылық еңбегіне әрқашан
жауаптылықпен, байсалдылықпен қарайтын.
1934 жылы Семей сахнасына қойылған «Еңлік-Кебекте» Кебек ролін
тұңғыш рет көрермендер назарына ұсынып, жылы қабылдады. Одан кейін де
Абыздың, Құнанбайдың бейнесін сәтті шығара білді.
Режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің «Айман-Шолпан»
(1936) мен «Түнгі сарын» (1937), Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», Ф. Шиллердің
«Зұлымдық пен махаббат» (1946) пьесаларын және Е.Брусиловскийдің «Қыз
Жібек», «Ер Тарғын» операларын қойған.
Ұлы Отан соғысының ардагері. «Құрмет Белгісі» ордендерімен
марапатталған. Қазақстанның халық әрітісі (1958). 1974 жылы Семей қаласында
қайтыс болған.

