Page 33 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 33
Сейсенұлы Д. Ән қанатында // Егемен Қазақстан. - 2005. - 6
желтоқсан.
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 248 б.
5 наурыз Сазгер Олег Жанияровтың туғанына 80 жыл (1945-2012)
Қазақстан композиторлар одағы Ертіс өңірі
бөлімшесінің төрағасы. Шығыс Қазақстан
облысындағы «Лесная пристань» станциясында
туып өскен сазгер Семей қаласында саз колледжінде
қызмет еткен.
Алматы консерваториясын профессор
Е.Рахмадиевтің композиция класы бойынша бітірген
О.Жанияров тек қана Шығыс өңірі ғана емес,
сонымен бірге республикаға танымал қарымды
композиторлардың бірі. Мысалы, «Бүркіт әні», «Бұл
баяғы Қожанасыр» сияқты опералары, «Мерекелік увертюра» атты үлкен
симфониялық оркестрге арналған симфоноялық поэмасы, «Интернационал
туралы», «Адам және жұлдыздар» кантаталары О.Жанияровты күрделі
музыкалық жанрларға құлаш ұрған кесек тұлғалы композитор ретінде танымал
етті. Сондай-ақ, баритон мен фортепианоға лайықталған «Микеланджело
мемориалы» атты вокальдық циклы мен «Петрарконың сонеттері» деген
кларнетке арналған сонатасы да тыңдаушылар жүрегінен берік орын алды.
Композитор өзінің кішкентай тыңдаушыларын да ұмыт қалдырған
емес. Өйткені, «Менің ойыншықтарым», «Ивашка» және басқа да әндері
бүлдіршіндердің сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Абайдың
туғанына 150 жыл толуына арналған 4 бөлімді үрмелі мыс аспаптарына
арналған квинтет 1995 жылы өткен халықаралық байқауда бас жүлдеге ие
болды. Сазгер Арғынбек Ахметжановтың «Рухани жол» деген кітабында
О.Жанияров туралы және шығармалары енгізілген.
Олег Жанияров 2012 жылы өмірден өтті.

