Page 34 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 34
Әдебиеттер:
Ахметжанов А. Джанияров Олег Саиндыльдәұлы // А.Ахметжанов.
Рухани жол.-Өскемен, 2008.-16 б.
Жан дүниесі тұнған ән: (Сазгер О.Жанияров туралы) //Семей таңы.-
1995.-21 қараша.
Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна. - Алматы, 2004. - 184 б.
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – 220 б.
12 наурыз Семей қаласы әскери госпиталінің ұйымдастырылғанына
55 жыл (1970)
Мемлекетіміздің Қарулы күштерін медициналық қызметпен
қамтамасыз ететін мекемелердің бірі – Семей қаласы Әскери госпиталі 1970
жылы 12 наурызында құрылды. Бүгінде онда офицерлер, келісімшарт бойынша
әскери қызметкер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
қызметкерлері сардарлар мен сарбаздардың сыр берген денсаулықтарын
түзеуге, аурулардың алдын алуға атсалысуда.
Бұл мекемеде санатты және мамандандырылған хирургиялық,
терапиялық, жұқпалы ауруларға қарсы көмек көрсетіледі. Қазіргі заманға сай
медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Семей қаласының әскери
госпиталінің қабылдау, хирургия, анестезиология, жансақтау, сәулелі емдеу,
зерттеу диагностика, тіс емдеу, ренгтен тағы басқа бөлімдері әскерилердің және
отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау шараларын орындайды. Дәрігерлер
қабілетті, өз істерінің жетік мамандары. Мұндағы қызметкерлердің өз Жарғысы
бар, оның қағидалары сақталады. Күні бүгінге дейін әскери госпиталь ұжымы
жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.
Әдебиеттер:
Армияшев М. Әскери госпиталь // Ертіс өңірі. - 2010. - 10 наурыз.

