Page 63 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 63
Бизнес және сервис колледжі «Үздік білім беру мекемелері» номинациясы
бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталды және үздік оқу орындарының
қатарына енгізілді.
КМҚК «Бизнес колледжі» КМКҚ «Сервиз колледжі» бірігу арқылы
қалыптасты, ол 70 жылдан бері Қазақстанның білім беру нарығында сәтті
жұмыс істеді.
Әдебиеттер:
Семейдің кәсіпорындары мен мекемелері. - Семей, 2018. - 157-159 б.
Колледж тарихы// https://skbis.kz/kz/o-kolledzhe/istoriya-kolledzha.html
Ақын, ұстаз Ахат Құдайбердіұлының туғанына 125 жыл (1900-1984)
Шәкәрім қажының туған ұлы Ахат Құдайбердіұлы, Абай ауылының
Шыңғыстау деген жерінде 1900 жылы шілде айында туған. Ахаттың ақын
болып, әке идеясын жалғастырмауы мүмкін емес еді. Ахат ақыннан қалған әдеби
мұра мол. Ол 15 жасынан өлеңге ғашық болды.
1922 жылы Семей қаласында мұғалімдер дайындайтын төрт жылдық оқу
орнына түсіп, оны бітіріп шыққан соң, 1927 жылдан бастап ұстаздық еңбек
жолын бастаған. 1931-32 жылдары «бидай салығын төлей алмағаны» үшін деген
желеумен айдалған, ал 1937 жылы «халық жауы» атанып, қайыра сотталған.
1967-1982 жж. Ахат Шәкәрімұлы әке есімін толық ақтап қалуда табанды
қадамдар жасап, өмірінің соңына дейін әке қолжазбаларын жинастарып, көлемді
естеліктерін жазып қалдырды.
Оның «Төлеутайға», «Қоқанға», «Құрдастарға» сияқты өлеңдері түрі жағынан
ауыз әдебиетіне аса жақын. Ахат әкесі Шәкәрімге жалаң еліктеуші ғана емес,
екеуінің мұраттас, мақсаттас, рухани туыстығы танылады. Сол кездегі қазақ
зиялыларының ұлттық ұраны: «Оян, қазақ!», «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп
шығып күн болам!» деген асыл мұратқа тірелетін.
Қазақ мәдениетінің Абай, Шәкәрім тәрізді аса ірі қайраткерлері тәрбиесінде болу
Ахатты туған ел әдебиетінің арғы-бергі мұраларымен танысып қана қоймай,
оның өзіндік ақындық талантымен ерте оянып, қалыптасуына жағдай жасады.
Ол нағыз реалистік поэзияның ақыны болды, шыншыл өмір құбылыстарын
жырлады.

