Page 62 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 62

дәстүрлері мен жетістіктері бар көне оқу орындарының бірі.


                         «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК 2016 жылы Шығыс Қазақстан
              облысы  әкімдігінің  2016  жылғы  31  мамырдағы  №158  қаулысымен
              Қазақстанның  білім  беру  нарығында  70  жыл  бойы  табысты  қызмет  еткен  бай
              тарихы,  дәстүрлері  мен  жетістіктері  бар  Шығыс  Қазақстанның  екі  көне  оқу
              орындарын  біріктіру  арқылы  ұйымдастырылған:   Бизнес  колледж (құрылған
              жылы-1946ж.) және  Сервис колледжі (құрылған жылы-1945ж.).


                      «Сервис  колледжі»  КМҚК  1945  жылы  құрылған  Семей  жеңіл  өнеркәсіп
              техникумының  мұрагері  болып  келеді.  1996  жылы  Қазақстан  Республикасы
              Білім  Министрлігі  алқасының  шешімі  негізінде  «Сервис  колледжі»  болып
              өзгертілді.

                     «Бейнелеу  өнері  және  сызу»,  «Технология»,  «Іс  жүргізу  және
              мұрағаттану», «Стандарттау, метрология және сертификаттау»,  «Тігін өндірісі
              және  киімдерді  үлгілеу»,  «Аң  терісі  мен  қой  терісі  бұйымдары  өндірісінің
              технологиясы»,  «Шаштараз  өнері  және  сәндік  косметика»  мамандықтары
              бойынша  жеңіл  өнеркәсіп  және  сервис  саласы  үшін  көптеген  жылдар  бойы
              мамандар даярлады.


                                Қазіргі  уақытта  ШҚО  ББ «Бизнес  және  сервис  колледжі»  КМҚК -
              білім  алушылар,  педагогтар,  жұмыс  берушілер  және  басқа  да  мүдделі
              тараптардың  мүддесінде  жұмыс  істейтін  өзекті  білім  беру  жүйесі,  ашық
              ақпараттық  ортасы  және  қазіргі  заманғы  инфрақұрылымы  бар  білім  беру
              мекемесі.


                          2016  жылдан  бастап  колледжде  материалдық-техникалық  базаны
              жақсарту  бойынша  үлкен  жұмыс  жүргізілді,  оның  ішінде  ғимаратқа  күрделі
              жөндеу  жүргізілді,  «Тамақтандыруды  ұйымдастыру»,  «Тігін  өндірісі  және
              киімдерді  үлгілеу»,  «Шаштараз  өнері  және  сәндік  косметика»  мамандықтары
              бойынша  шеберханалар  мен  зертханалар  толығымен  қайта  жаңартылды.
              Колледж Білім беру қызметін 18.10.2016 ж. № KZ31LAA00007888 мемлекеттік
              лицензиясы  негізінде  жүзеге  асырады  және  он  бес  білім  беру  бағдарламасын
              жүзеге асырады.


                     2018-2019  оқу  жылының  басында  білім  алушылар  контингенті  631
              студентті құрайды. Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі. Оқыту күндізгі және сырттай
              оқу түрлері бойынша жүргізіледі.


                            2018 жылдың нәтижесі бойынша Бизнес және сервис колледжі                     білім
              беру  қызметінде,  яғни  ТжКББ  (техникалық  және  кәсіптік  білім  беру)
              мамандарын  даярлау  саласында  ең  үздіктердің  қатарына  кірді.  Ұлттық
              сертификатпен  және «Жыл  көшбасшысы-2018» медалімен  расталған «Жыл
              көшбасшысы          2018» мәртебесі        берілді.     2019      жылы       мамыр       айында
              Мемлекетаралық  сараптамалық  кеңес  Президиумының  ұсынысы  бойынша
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67