Page 59 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 59
- 30 қазан. - Б. 6
Абдраманов С. Академик : қасқабасов мәдениеттануы: мерейтойдан
кейінгі толғаныс // Егемен Қазақстан . - 2015.- 28 қазан (№ 206). – Б.14 .
(Филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы Сейіт Қасқабасовтың 75
жасқа толуына орай)
Тойшанұлы А. Қасқабасовтікі қасқа жол, басқалардікі басқа жол
немесе ұстаз ұлағаты // Отүкен. - 2015. - №3. - Б. 140-147
Әбілқақұлы М. Фольклортанудың білгірі // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 3-
9 қараша (45). - Б. 6
26 маусым Заңгер ғалым, Қазақстан Республикасының үш
Конституциясының авторы, Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтің
туғанына 95 жыл (1930-2010)
Семей қаласында дүниеге келген. Саратов заң
институтын, ҚазКСР ҒА аспирантурасын аяқтаған соң, КСРО
Ғылым академиясында (Мәскеу) кандидаттық диссертация
қорғаған.
ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында
аспиранттан директордың орынбасарына дейін қызмет атқарған.
Кейін аталған ғылыми мекемені басқарып, конституциялық
құқық маманы ретінде ҚР Заң институтындағы жұмыстарға ат салысады. Әр
жылдары Абай атындағы АМУ заң факультетінің деканы, Құқықтық
мониторинг, сараптама және талдаудың ғылыми зерттеу институтында директор
міндетін атқарған. Республиканың заңнамалық ғылыми зерттеу сараптамаларына
қатысқан. Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамаларды
шығаруға қатысқан авторлардың бірі. 400-ден астам ғылыми мақаланың, 60
монография мен оқулықтың авторы. Заң ғылымдарының 6 докторы, 40-тан астам
кандидатын даярлаған. Ғалымның еңбектері Қазақстан мен шет елдерге мәлім.
Бірнеше жыл көлемінде ҚР Әділет Министрлігінің «Вестник Института
законодательства» журналының бас редакторы, «Известия НАН РК», «Вестник
Казахстанской ассоциации международного права», «Правовая реформа в
Казахстане» журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі. Құқықтанушы

