Page 60 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 60
ғалым, заң ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі,
профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, «Құрмет» орденінің иегері.
2010 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. -
2014. - Сапарғалиев Ғайрат: б. 658.
Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен хұқығының негіздері. - Алматы :
Атамұра, 1994. - 160 б.
Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі . - Алматы : Жеті жарғы,
1995. - 208 б.
Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен хұқығының негіздері : оқулық . -
Алматы : Атамұра, 1998. - 168 б.
Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы :
академиялық курс . - Алматы : Жеті жарғы, 2004. - 480 б.
27 маусым Қобызшы, сазгер Оразғали Сейітқазының
туғанына 75 жыл (1950)
Қобызшы-ұстаз, дирижер, сазгер Оразғали Сейітқазы
қасиетті Қарқаралының қасиетті топырағының тумасы. Әкесі де,
анасы да халқымыздың ән-мұрасын, өнерін қадірлеп, өздері де
үйреніп, ән салып, би билеген, қобыз тартып, домбыра тартып,
көпшілікті сүйсіндіріп қана боймай, өнерлерін балаларының
бойына сіңіре білген жандар.
Болашақ сазгер 8 сыныпты бітірген соң, 1965 жылы
Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы музыкалық училищенің қобыз класына
оқуға түседі. 1969 жылы қазақ өнерінің қарашаңырағы Алматыдағы
мемлекеттік консерваторияда қылқобыздан дәріс алады. 1970 жылы өнертану
ғылымының докторы, профессор Б.Сарыбаевтың халқымыздың көне музыкалық
аспаптарынан құрылған ансамбліне мүше болып кіреді. Қылқобыздың арқасында
О.Сейітқазы «Қыз Жібек», «Құлагер» т.б. фильмдердің музыкасын көркемдеу
бақытына ие болады. Семейде М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде көп
жылдар қызмет етті, республикалық деңгейде қылқобыз класын ашып өнерлі
шәкірттерін тәрбиелеп шығарды.

