Page 65 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 65

сюжетті  поэмалар  жазуды  әкесі  Абай  ақынның  өнегесінен  алды.  Абайдың
              ақылының  арқасында  бірнеше  поэма  жазады.  Ол  жазғандары:  «Еңлік-Кебек»,
              «Абылай»  және  «Медғат-Қасым».  Өз  махаббаты  үшін  күресіп,  құрбан  болған
              Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды.


                         «Еңлік  Кебек»,  «Абылай»  поэмалары  қолжазба  күйінде  қалып,
              оқушыларға  таралмаған.  «Медғат-Қасым»  поэмасының  тақырыбы  қазақтан
              жырақ,  алыс  елдерден,  яғни  Африка  өмірінен  алынған.  Сол  елді  мекендеген
              адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсетеді.


                         Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай
              романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы
              поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы
              бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада
              Кеңгірбай  бидің  бейнесін  шебер  көрсете  білген.  Еңлік-Кебектің  өліміне
              себепкер  биді  кіналайды.  Осылайша,  образдарды  бейнелеуде,  өткеннің
              қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен мақсат етіп қойған Мағауияның
              поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.


                         Небәрі  34  жыл  жасаған  Мағауия  шағын  ғұмырында  қазақ  әдебиетіне
              мұра боларлық  тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс
              болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.

                                                             Әдебиеттер:


                         Абайдың ақын шәкірттері.1. - кітап. - Алматы: Дәуір, 1993. - 224 б.


                         Абайдың балалары //Абай Құнанбаев. - Алматы, 1995. – 38 - 40 б


                         Исин А. Абайдың Мағауияға жазған хаты//Абай. - 1997. - №2-3. -1-4 б.

                         Кенемолдин М.   Қызыл қырғынның құрбандары немесе өз елі,   туған
              жерінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылар хақында // Семей таңы. - 2003.
              - 24,31 қаңтар.


                         Мағауия Құнанбаев // Абай. Энциклопедия. - Алматы: Атамұра,1995. -
              392 б.


                         Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл. - Алматы: Шартарап,1996. - 19-
              20 6.


                         Тәбәрікұлы С. Тауқымет. - Семей, 2004. - 160 б.
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70