Page 76 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 76

-  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Алғысымен»  марапатталды.  2015
               жылы – «Құрмет» орденімен марапатталған.


                                                              Әдебиеттер:
                           Әубәкіров Ж.М. // https://adebiportal.kz/kz/authors/view/4096



                        16 қазан   Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайының
                                        ұйымдастырылғанына 85 жыл (1940)




                                                      Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және
                                           әдеби-мемориалдық  қорық  мұражайы    ақынның
                                           туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар
                                           Кеңесінің  1940  жылғы  1-сәуірдегі  қаулысы  бойынша
                                           ұйымдастырылды.


                           Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған
               заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы.


                           Алғашқы  жылдары  мұражай  Абай  ақын  Семейге  келгенде  ат  басын
               тіреп,  түсіп  жүрген  Бекбай  Байысов  пен  Әнияр  Молдабаевтың  үйлеріне
               орналасқан  болатын.  1967  жылдан  бастап,  мұражай  көпес  Ершовтың  (Ленин
               көшесі, 12) үйіне орын тепті.


                           1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы
               мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-
               мұражайы болып қайта құрылды.

                           Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі М.Әуезовтің
               музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық музейі, қорық аймағына
               кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны

               Шәкір Әбеновтың мұражайы және Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың музейі
               кіреді.


                           Қалалық кешенге Ахмет Риза медресесі мен мешіті, «Алаш арыстары
               және  М.Әуезов»  музейі  кіреді.  Мұнда  ақын  пайдаланған  кітаптардың
               түпнұсқалары  қойылған.  Мұражайда  ұлы  ақын  өміріне  қатысты  бірнеше
               бөлімдер  бар.  Осының  бәрі  қосыла  келгенде  Абай  дәуіріне,  оның
               шығармашылығына терең бойлауға жол ашады.


                           Бас  мұражай  экспозициясы  келесі  залдардан  тұрады:  «Абай  және
               оның  дәуірі»,  «Абай  шығармашылығы»,  «Абай  шығармашылығының  қайнар
               бұлақтары»,  «Абай  аудармалары  мен  музыкалық  мұрасы»,  «Шығыс
               поэмалары»,  «Ескендір  поэмасы»,  «Күмбезді  зал»,  «Жыл  мезгілдері»,  «Жаз
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81