Page 73 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 73
«Бас сүйектері» (1976), «Жасынның сынығы» (1977), «Найзағай»
(1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын»
альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен
Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас
жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық
әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым
тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған
Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.
Кейінгі жылдары «Көз жасым» (2006), «Бөрітостаған» (2007),
«Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа»,
«Шақантай», «Қараөткел қырғыны» поэмалары жарық көрген.
Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және
Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденімен
марапатталған. Халықаралық «Алаш» сыйлығының және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иегері.
2023 жылы дүниеден өтті.
Әдебиеттер
Айтұлы Н. Рухымның падишасы: жыр кітабы. - Астана: Елорда, 2000. -
288 б.
Айтұлы Н. Бәйтерек: поэмалар - Астана: Күлтегін, 2003. - 64 б.
Айтұлы Н. Көз жасым:таңдамалы өлеңдер, толғаулар, поэмалар. -
Астана: Күлтегін, 2006. - 344 б.
Айтұлы Н. Бөрітостаған: өлеңдер, толғаулар, поэмалар. - Алматы:
Қазақпарат, 2007. - 335 б.
Айтұлы Н. Шығармалары / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. -
Т.1: өлеңдер мен поэмалар. - Астана: Фолиант, 2011. - 408 б. - (Мәдени мұра)
(Алтай-Ертіс кітапханасы)
Айтұлы Н. Ту: поэмалар. - Алматы: Жаухар, 2012. - 368 б.
Айтұлы Н. Сарайымнан шыққан сөз: мақалалар, сұхбаттар. - Астана:
Фолиант, 2014. - 488 б.
Айтұлы Н. Өрнегі жұмбақ өмірге қайран қаламын // Қазақ әдебиеті. -
2013. - 17-23 мамыр. – Б. 12.

