Page 75 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 75

1975  жылы  3  қазанда  Семей  қаласында
                                                дүниеге  келген. 1992  жылы  Абай  ауданындағы
                                                Көкбай  атындағы  орта  мектепті  алтын  медальмен
                                                бітіреді. 1992-1996  жылдары  «Семей»   мемлекеттік
                                                университетінде  оқып,  оны  үздік  дипломмен
                                                аяқтайды.  1996 жылдың бірінші қыркүйегінен қазақ
                                                әдебиеті        кафедрасына           оқытушы           болып
                                                қабылданады.  1996 жылдың желтоқсан айында осы
                                                университетінің  аспирантурасына  түседі.  1999
               жылы  ҚРҒҰА  жанындағы  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер
               институтында  “Көкбай  Жанатайұлының  әдеби  мұрасы”  тақырыбындағы
               кандидаттық  диссертациясын  қорғады. 2000  -2001  жылы   Шәкәрім  атындағы
               Семей мемлекеттік университетінде   оқытушы.  2002 -2003 жылы М.О.Әуезов
               атындағы  Семей  университеті  күндізгі  оқу  бөлімі  деканының  орынбасары
               болады.


                           2003-2006  жылдары  М.О.Әуезов  атындағы  Семей  университетінің
               әлеуметтік-экономикалық             жұмыстар        жөніндегі       проректоры.  2006-2007
               жылдары  -  М.О.Әуезов  атындағы  Семей  университетінің  ғылыми  жұмыстар
               және       халықаралық         байланыстар         жөніндегі       проректоры         қызметін
               атқарады.  2007-2008  жылдары  -  М.О.Әуезов  атындағы  Семей  университеті
               филология факультетінің деканы.  2008-2009 жылдары - М.О.Әуезов атындағы
               Семей университеті инновациялар және ЖОО-нан кейінгі оқыту Орталығының
               директоры.  2009 жылдан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университеті
               Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу Орталығының директоры болып қызмет атқарды.


                           2010-2015 жылдары ақпанынан Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени
               және  әдеби  –мемориалдық  қорық-мұражайының  директоры  болып  қызмет
               атқарды.  2015 жылдың 24 қарашасынан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-
               мәдени  қорық-мұражайы  директоры  болып  қызмет  атқарып  келеді.  Қазіргі
               таңда 128 ғылыми мақаласы, бір монографиясы, үш оқу құралы жарияланған.
               Көкбай Жанатайұлының тұңғыш шығармалар жинағын шығарушы. 2009 жылы
               «Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Библиографиялық  көрсеткіш»  атты  еңбегі  жарық
               көрді.  2008  жылғы  Қазақстан  Республикасы  «Жоғары  оқу  орнының  үздік
               оқытушысы»  грантының   иегері.  2009  жылы  «Қазақстан  Республикасының
               білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.  2011 жылы -
               ШҚО  Семей  қаласы  әкімінің  алғыс  хаты,  ШҚО  Мәдениет  қызметкерлері
               кәсіподағының  грамотасымен  марапатталған.  2012  жылы  -   Семей  қаласы
               әкімінің  грамотасымен  марапатталған.  2014  жылы  -  Қазақстан  Республикасы
               Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  «Мәдениет  саласының  үздігі»
               төсбелгісімен  марапатталды.  2015  жылы  –  «Нұр  Отан»  партиясы  Шығыс
               Қазақстан облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2015 жылы
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80