Page 71 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 71
ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Б.Майлин ауылдық
Кеңесінде, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір», Талғар аудандық «Алатау
жұлдызы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті»
газеттерінде Көкшетау телерадиокомитетінде қызмет еткен. «Қазақ әдебиеті»
газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болған.
2006 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігіне
қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы
өкілетті өкілі. Әңгімелер мен очерктері 1970 жылдан газет-журналдарда
жарияланып келеді. «Елегізу» атты әңгімесі 1988 жылы «Арман қанатында»
жинағына енген. «Еркешора», «Мақтаншақ сары сағат», «Ине мен жіп»,
«Әуелеп ұшқан тырналар», «Дария шабыт», «Аюқұлақ», «Мені қыз»,
«Жалқаулыққа кім үйір?» кітаптары жарық көрген.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин»
медалімен марапатталған.
Әдебиеттер:
Шығыс жұлдыздары Т.1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары :
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. – 31 б.
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2014. - 203 б.
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы,
2009. - 50 б.
Шархымбай Б. Тікен тілді Толымбек // Қазақ әдебиеті. - 2014. 21
наурыз. - Б. 16
Алтай А. Бала жанының бағбаны : (Жазушы Толымбек Әбдірайым
туралы) // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 28 тамыз. - Б. 6
Елшібек Ж.Тағдыр таңбалары // Жалын. - 2015. - №10-11-12. - Б. 74-79.
Елшібек Ж. Тағдыр таңбалары // Айқын . - 2015.- 31 желтоқсан (№
244). - 12-13.(Жазушы Толымбек Әбдірайымның өмірі мен шығармашылығы
туралы).

