Page 72 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 72

22 қыркүйек    Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали
                      Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың
                    лауреаты, «Парасат» орденінің, Халықаралық «Алаш» сыйлығының
                      және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иегері
                               Несіпбек Айтұлының туғанына  75 жыл (1950 -2023)



                                                           Несіпбек       Айтұлы        1950     жылы        22
                                                    қыркүйекте  Шығыс  Түркістанның  Тарбағатай
                                                    аймағы,  Шәуешек  ауданына  қарасты  Теректі
                                                    ауылының  Апиынды  бұлақ  деген  жерінде
                                                    дүниеге  келген.  1962  жылы  ата-анасымен
                                                    атамекенге  оралып,  орта  мектепті  бұрынғы
                                                    Семей  облысы,  Шұбартау  ауданы,  Баршатас
                                                    ауылында  тәмамдаған.  Еңбек  жолын  Шұбартау
                                                    аудандық  «Жаңа  өмір»  газетінде  бастаған.  1974
              жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.


                         1974–1984  жылдары  «Балдырған»  журналының  поэзия  бөлімінің
              меңгерушісі,  «Жалын»  баспасында  редактор,  1984–1994  жылдары  Қазақстан
              Жазушылар         одағында       әдеби     кеңесші,      1995–1996       жылдары        «Ақын»
              қауымдастығының  директоры,  1997–2001  жылдары  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде
              сын  бөлімінің,  «Жұлдыз»  журналында  поэзия  бөлімінің  меңгерушісі  болып,
              кейінгі  жылдары  Астанадағы  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық
              университетінде,  Президенттік  Мәдениет  орталығында  қызмет  істеген  және
              «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болған. С.Сейфуллин мұражайының
              директоры.

                         Алғашқы  «Балалық»  деген  өлеңі  1965  жылы  Шұбартау  аудандық
              «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың
              сәт  сапар  тілеуімен  «Лениншіл  жас»  (қазіргі  «Жас  алаш»)  газетінде,  алғашқы
              кітабы  1974  жылы  «Қозыкөш»  деген  атпен  жарық  көрді.  «Жүректегі
              жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар»,
              «Рухымның  падишасы»,  «Мұқағали-Желтоқсан»,  «Бәйтерек»;  балаларға

              арналған  «Балабақшаға  барар  жолда»,  «Желкілдеп  өскен  құрақтай»,  «Күміс
              күйме»  («Серебряный  сундучок»)  «Қартаймайды  күн  неге?»  атты  кітаптары,
              «Ескендір  қорғаны»  (Ә.Науаи),  «Игорь  жорығы  туралы  жыр»,  тағы  басқа
              аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс
              Еміренің,  қытайдың  көне  дәуір  ақыны  Бо  Цызюдың,  француз  ақыны  ДЖ.
              Родаридың,  сондай-ақ  М.Исаковский,  А.Барто,  С.Михалков,  С.Баруздин,
              В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін тәржімалаған.
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77