Page 88 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 88

12 желтоқсан                 Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері

                              Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің туғанына 65 жыл


                                                             (1960)





                                            1960  жылы  12  желтоқсанда  Қытайдың  Чугучак
                                     қаласында  дүниеге  келген.  1961  жылы  Құл-Мұхаммедтер
                                     отбасы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылына
                                     оралды.


                                      1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

                  1983-1992  жылдары  -  Қазақ  Совет  Энциклопедиясы  Бас  редакциясының
                  ғылыми  редакторы,  аға  ғылыми  редакторы,  философия,  құқық  және
                  әлеуметтану редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы - бас редактордың
                  орынбасары.


                         1999  жылы  «Жақып  Ақпаев  және  Алаш  қайраткерлерінің  саяси-
                  құқықтық  көзқарастарының  эволюциясы  (19  ғ.  соңы  –  20  ғ.  басы)»  деген
                  тақырыпта заң ғылымы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 1999-
                  2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
                  Сенаттың  Заңнама  және  сот-құқықтық  реформа  комитетінің  хатшысы,
                  Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана қ.).


                         2001  жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  аттестаттау  комиссиясы
                  Президиумының  2001  жылғы  31  мамырдағы  шешімімен  құқықтану
                  мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.


                  2001-03  жж.  -  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық
                  келісім министрі.

                  2003-04 жж. - Президент кеңесшісі.


                  2004  жылдың  сәуірінен  желтоқсанына  дейін  Қазақстан  Республикасы
                  Президентінің Баспасөз хатшысы.


                         2004-06  жж.  -  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кеңесшісі-
                  Баспасөз  хатшысы.  2006-2007  жылдары  -  Қазақстан  Республикасы
                  Президентінің        Әкімшілігі       Басшысының          орынбасары         -    Қазақстан
                  Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы (Астана қ.).
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93