Page 22 - Календарь - 2026 год Семей
P. 22

аудармашы  да.  Ол  өзінің  қаламы  жүйрік  қаламгер  екендігін  мойындатқан  еді.  «Абай
                  елінде»  атты  албом  -  шежіре  жазып,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілінде  жарыққа
                  шығарды.
                         «Тіл тағдыры - ел тағдыры» кітабында тіл саясаты жөніндегі нақты істерді, ғылыми-
                  теориялық  ойларды тұжырымдайтын, әр түрлі  мақала, сұхбат-пікірлердің басын  қосқан,
                  мақалалардан  тұрады.  Осындай  қаламгерлік  көзқарас  тұрғысынан  сұрыпталып  жазылған
                  «Жүректің көзі ашылса» атты бір томдығы жанрлық байлығымен, мағыналы тереңдігімен
                  окырман көңілінен шығуда.
                         Шет  ел  әдебиетінің  озық  үлгілерін  қазақ  теледидарына  «жерсіндіру»,  қазақ
                  жұртшылығымен табыстыру, таныстыру ісінде де Сұлтан бастаған үрдіс үміт ақтады. Ол
                  А.Моруа  әңгімесінің желісі  бойынша  «Райхан гүлі»,  «Өлім  фабрикасы», Ж.Кассальдың
                  хикаяты ізімен «Тұтқын» т.б. телепъесаларды қазақ теледидарының алтын қорына қосты.
                         Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақ КСР-нің еңбек
                  сіңірген  мәдениет  қызметкері  (1981),  Қазақстан  Журналистер  одағы  сыйлығының
                  лауреаты,  Абай  атындағы  Халықаралық  әдеби  сыйлықтың  лауреаты  (1995),  Қазақстан
                  Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған (2001). «Парасат»
                  орденінің иегері (2006).
                         Белгілі  жазушы,  журналист  Сұлтан  Оразалин  2021  жылдың  тамыз  айында  80
                  жасында дүние салды.

                                                          Әдебиеттер:

                  Абай елі: альбом-шежіре, қазақ, орыс, ағылшын тілінде. -  Алматы:  «Өнер», 1995
                  Авторды қорғау – руханиятты қолдау. – Алматы: «Жеті жарғы», 2000
                  Владимиров В. Замандас туралы сөз // Жұлдыз. - 2001. - № 5. –Б. 143
                  Қирабаев  С.  Телесынның  сұлтаны  //  Қазақ  әдебиеті.  -  2001.  -  27  сәуір.  Кеңесбаев  Т.
                         «Алтын  адам»  әлем  сағаттары  және  Сұлтан  ағамыз  //  Ертіс  өңірі.  -  2013.  -1
                         мамыр. -10 б.
                  Нұрғали Р. Қос қасиет // Егемен Қазақстан. - 2001. - 28 сәуір
                  Оразалинов С. Телеэкран және саясат // Егемен Қазақстан. - 2002. -   2000
                  Тіл тағдыры – ел тағдыры. Алматы, 1997;
                  Тілегенов Б. Ақын елі, ақын жері: (С.Оразалиновтың  «Абай елі» атты  кітабы жайлы) //
                         Халық кеңесі. - 1995. - 1 наурыз
                  Шәкерім Ж. Теледидар тамшылары: (теледидар кітабын оқығандағы ой) // Қазақ әдебиеті.
                         - 2013. - 6 желтоқсан. –Б.10
                  Шығыс  жұлдыздары  Т.1:  Сөз  зергерлері.  Мәдениет  майталмандары:  энциклопедиялық
                         анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. –133 б.


                  5 мамыр                                                                   Журналист, публицист, жазушы
                                                Қайыммұнар Тәбеевтың туғанына 70 жыл (1956-2025)


                                            Семей  облысы,  Аягөз  ауданы,  «Шолпан»  совхозында  дүниеге
                                     келген.  1981  ж.  Қазақ  мемлекеттік  университеті  аспирантурасының
                                     «әлеуметтанушы-заңгер»  мамандығын  тәмамдайды.  Шығармашылық
                                     жолы  «Қазақстан  пионері»  республикалық  газетінен  басталады.
                                     «Лениншіл  жас»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Егемен  Қазақстан»  газеттерінде
                                     журналист,  бөлім  бастығы  болған.  1994-1996  жж.  Қазақстан
                                     Республикасы  Президенті  баспасөз  қызметінің  кеңесшісі  қызметін
                                     атқарған.
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27