Page 146 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 146
Сәдуақасұлы Смағұл
(1900-1933)
Сәдуақасұлы Смағұл (1900, Ақмола облысы, Омбы
уезі. Қорған болысы, 3 ауыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысы, Ақжар ауданы, Ұялы-Жарқын ауылы – 1933,
Мәскеу) – көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері.
Ауыл мектебін, 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, 1931
жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген.
1915-16 жылдары өз ауылы Жарқынға мұғалім болды.
1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесінде, политехника
институтының кооперация курсында, ауылшаруашылық институтының
кооперация факультетінде оқиды. Сонымен бірге, қысқаша курстарда дәріс
беріп, Ақмола облыстық Жер-су басқармасында қазақ бөлімі оқу ісінің
меңгерушісі болды.
1917-18 жылдары саяси күреске араласып, «Бірлік», «Жас азамат»
ұйымдарында қайраткерлік шыңдалудан өтеді. 1918-20 жылдары Ақмола
облыстық земство басқармасы жанындағы қазақ бөлімінің қызметкері, 1920
жылдан бастап Сібір жастар комитетінің (Омбы) мүшесі, «Жас азамат»,
«Еңбекшіл жастар», «Кедей сөзі» (Омбы), «Ұшқын», «Еңбек туы» (Орынбор)
газеттерінің жауапты шығарушысы, алқа мүшесі, Жастар одағының хатшысы
қызметтерін атқарған.
Мәскеу қаласында 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында өткен
Күншығыс ұлттары жастарының I конференциясына өкіл болып барып,
қазақ жастарының атынан сөз сөйлейді. Құрылтай сиезінде (1920 ж. қазан)
Қазақ АКСР-і Кеңестері ОАК-нің мүшесі және Қазақ ОАК-нің саяси
хатшысы қызметінде болды. Қайраткер сол жылдары Қазақ жерінің
тұтастығына қатысты жұмыстарға белсенді қатысты. 1921 жылы Семей
облысын Сібір ревкомының қарамағынан Қазақ АКСР-і құрамына алу ісіне
басшылық етті. Ақмола мен Семейді 1921 жылы 1 қаңтарынан Қазақстанға
қайтаруы тиіс болса да, бұл мәселе уақытында орындала қоймайды.
Омбыдағы Сібір басшылары мерзімді соза берді. Қазақ басшылары алған
бағытынан қайтпады.
1921 жылы 2 ақпанда АК төрағасы С.Меңдешұлы, хатшысы
Сәдуақасұлының қолы қойылған «Семей, Ақмола, Торғай, Орал
губернелерінде бос жерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру туралы
Декрет» жарияланды. Сол жылы мамырда С.Меңдешұлы бастаған елшілер
Омбыдағы Сібір төңкеріс комитеті басшыларына, ал Смағұл Семейге
аттанады. Онда Семей губернесінің жиылысын шақырып, өз ұсынысымен
«отаршылдық іс-әрекеті үшін» губерниялық атқару комитетін таратып, оның