Page 144 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 144

1919  жылы  Қаратөбеде  өткен  облыстық  земство  жиналысының
                  облыстық земство басқармасы баспасөз органын шығару жөніндегі шешіміне
                  сәйкес «Еркін қазақ» газетінің уақытша шығарушысы болып тағайындалды.
                  1919  жылы  26  қыркүйектен  бастап  «Еркін  қазақтың»  бірнеше  нөмірін
                  шығарды.  Осы  шамада  Жымпиты  кентінде  тұратын  судья  Сүлеймен
                  Күсепқалиевтің  қызы  Әминаға  (Ә.Мәметова)  үйленді.  Батыс  Алашорда
                   үкіметі таратылғаннан кейін Батыс  Алашорда қайраткерлерімен бірге Орал
                  қаласына  әкелінді.  1920  жылы  РК  (б)  ІІ  қатарына  қабылданды.  Орал
                  губревкомының үгіт-насихат бөлімінің қызметкері болып істеді. 1920 жылы
                  ақпанда  Доссордан  Орал  қаласына  мұнай  тасу  кезінде  қазақ  ауылдарында
                  түсінік жұмысын жүргізу, қазақша үндеу, прокламациялар шығарып, тарату
                  міндеті жүктелді. 1920 жылы көктемнен Жымпиты уездік ревкомының халық
                  ағарту  бөлімінің  қызметкері.  Сауатсыздықты  жою  ісімен  айналысты,
                  М.Жолдыбаев, Ш.Жантілеуовпен бірге саужой бағдарламасын талдап, жасау
                  комиссиясының  құрамына  кірді.  Уездік  атқару  комитетінің  татар-қазақ
                  бөлімі  шығарған  «Яна  фикер»  газеті  тоқтағаннан  кейін  оның  баспаханасы
                  негізінде  қазақша  уездік  «Ерік»  газетін  шығарды.  Таралымы  үш  мың  дана
                  газеттің жеті нөмірі жарық көрді. 1920 жылы жазы – 1921 жылдың көктемі
                  аралығында  Орал  облыстық  «Қызыл  ту»  газетінің  редакторы.  1921  жылы
                  көктемде  М.Шомбаловтың  Бөкей  губерниясы  атқару  комитетінің  төрағасы
                  болуымен  сол  жерге  қызметке  ауысты.  1921  жылы  19  –  мамырда  Бөкей
                  губкомы төралқасы мен Бөкей губерниялық VI сиезі фракциялық бюросының
                  біріккен мәжілісінде баламалы негізде ұсынылған алты кандидаттың ішінде
                  басым дауыс алып, губатком төралқасына мүше болып сайланды. Сол жылы
                  маусым  айында  баламалы  негізде  Бөкей  губерниялық  РК(б)П  комитетінің
                  үгіт-насихат бөліміне меңгеруші болып сайланды. Сәл кейін бұл қызметтен

                  босатылып, Н.Манаев, Ғ.Мұсағалиев, Л.Атаянцпен бірге губерниялық партия
                  комитетінің  жаңадан  ұйымдасқан  органы-апталық  «Сәуле»  –  «Рассвет»
                  газетінің  редакция  алқасының  мүшесі  болып  сайланды.  1921  жылы
                  қыркүйектегі  РК(б)П  қатарын  солшыл  партиялар  мен  алашордашылардан
                  тазарту саяси науқаны кезінде партиялық тазарту жөніндегі Бөкей губкомы
                  комиссиясының  шешімімен  «Алаш»  партиясында  болғаны  және  патша
                  тұсындағы  Бөкей  уақытша  кеңесінің  құпия  кеңесшісі  М.Шомбалов  тобына
                  қатысқаны  үшін»  РК(б)П  қатарынан  шығарылды.  1922  жылы  Саратов
                  қаласындағы  жұмысшы  факультетінің  (рабфак)  тыңдаушысы.  1923-1927
                  жылдары Саратов университеті медицина факультетінің студенті. 1927-1928
                  жылдары  Маңғыстау  өңірінде  дәрігерлік  қызметте,  1929-1930  жылдары
                  Семей  округтік денсаулық  сақтау  бөлімінің  кәсіподақ-сауықтыру  жүйесінің
                  инспекторы.  1927  жылы  «Жаңа  мектеп»  журналында  жарияланған  Исатай-
                  Махамбет көтерілісі жайлы мақаласы әлі күнге осы тақырыптағы толымды да
                  терең  еңбектердің  бірінен  саналады.  1930  жылы  Алматы  қаласында  Қазақ
                  тері  және  жұқпалы  аурулар  ғылыми-зерттеу  институтын  ұйымдастыруға
                  шақырылды,  осы  институттың  алғашқы  директоры  болды.  Гигиена,  тері-
                  жұқпалы аурулар, олардан сақтану жөнінде жазылған 20-ға тарта кітапшаның
                  авторы.  1931  жылдан  бастап  Орал  облыстық  денсаулық  сақтау  бөлімі
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149