Page 143 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 143
Интернет сілтеме:
Жақыпбаев Нүсіпбек // https://alash.semeylib.kz/?page_id=128
Мәметов Ахмет
(1895-1938)
Мәметов Ахметғали (Ахмет) 1895 жылы, Астрахан
губерниясы, Талов уезі, Қойтоғыт ауылында дүниеге
келген. Батыс Алаш-Орда қайраткері, Бөкей өңірінде
Алаш қозғалысына қатысушы, ағартушы, ақын,
журналист, дәрігер. Әкесі Мәмет кедей шаруа болған.
Мәметов жасынан әкесіне көмектесіп, жалданып мал
бақты. Өз бетінше оқып, сауат ашты, жәдит мұғалімдер
ашқан бастауыш ибтидай, орта рушдия медреселерінде
оқыды. Елдегі көзіқарақты адамдар қауымының көмегімен 1910 жылы
шамасында Өфедегі «Ғалия» медресесіне түсті. Медресе шәкірттерімен бірге
төте оқулы Әліппе оқу құралын, Ғ.Қараштың «Бала тұлпар» өлеңдер
жинағын шығарысты. Оралда шыққан «Қазақстан» газетінде алғашқы
өлеңдерін жариялады (1912). Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспаханасынан
1912-1914 жылдары «Кеңес», «Ғибрат» өлеңдер жинақтарын шығарды. 1914-
1915 жылдары «Айқап» журналында «Бір қазақ қызының әкесіне зары»
өлеңі, «Тарих исламнан» эфсана-өлеңі жарық көрді. 1915-1917 жылдары
«Қазақ газетінде «Тілегім», «Көңіліме», «Су жағасында», «Алашқа сәлем»
өлеңдері жарияланды. «Г-ді жұбату» атты өлеңі (1917жылы) ағартушы-
мұғалім А.Балғымбаевтың қызы Г.Байгуринаға арналған. Ақындық жолы
Ш.Бөкеев поэзиясының сыршылдық жағынан еліктеуден және жәдиттік оқу-
білім игеру, әйелдер теңдігі, т.б. тақырыптардан, сондай-ақ әлеуметшіл,
алашшыл сарындардан тұрады. Өлеңдері 1918 жылы «Абай» журналындағы
«Екеу» (М. Әуезов, Ж. Аймауытов) мақаласында жоғары бағаланды. Медресе
«Ғалияда» оқыған жастар қаржы тапшылығын шеккен. Жаз кезінде Сібір
жаққа барып, мұғалім болды. 1915 жылы «Қазақ» газеті басқармасы
тарапынан қаржылай көмек берілді. Ақыры қаржы қиындығына байланысты
Орынбордағы «Хусаиние» медресесіне ауысып, осы оқу орнын тәмамдады.
Бұл жылы Шәңгерейдің мәдени ықпал аясында болды, ақынға еріп Тайпақ,
Жымпиты өңірін аралады, Алаш қозғалысына үн қосты.