Page 142 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 142

Жақыпбаев Нүсіпбек


                                                          (1890-1932)




                                           Жақыпбаев Нүсіпбек – Алашорданың белгілі қайраткері.
                                    1890  жылы  бұрынғы  Жетісу  облысы,  Үлкен  Алматы
                                    болысында  дүниеге  келген.  Бала  кезінде  оқу-білім  қуып,
                                    талмай талаптанып көп ізденеді. Қоғам қайраткері. 1911 жылы
                                    Верный  ер  балалар  гимназиясын,  1916  жылы  Киев
                                    университетінің  медицина  факультетін  үздік  бітірген.  Оқуын
                  бітіргеннен  кейін  Жетісу  облысына  жұмысқа  жіберіледі.  1916  жылы
                  майдандағы  қара  жұмысқа  шақырылғандарға  арналған  дәрігерлік  пункттегі
                  комиссия құрамында жұмыс істейді. Сол жылы желтоқсанда Үржар ауылдық
                  дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер болады.


                         1917 жылы 12-23 сәуірде облыстық қазақ сиезіне қатысқан. 1917 жылы
                  5-13  желтоқсанда  Екінші  жалпықазақ  сиезіне  Жетісу  облысынан  делегат
                  болып,  Алашорда  үкіметінің  Халық  кеңесінің  мүшелігіне  кандидат  ретінде
                  сайланды.1918 жылы 10-31 тамызда Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы
                  қазақтарының  II  съезінде  Алаш  облысы,  кентінің  жаңадан  сайланған
                  құрамына  мүше  болады.  Азамат  соғысы  жылдарында  Жетісу  өлкесінде,
                  Үржарда Алаш әскерінің жүздігін басқарып, қызылдарға қарсы күрескен.


                         Алашорда  таратылғаннан  кейін  Нүсіпбек  бір-екі  жыл  жұмыссыз
                  жүреді,  кейін  үкіметтің  уақытша  кешіріміне  ие  болып,  1923-24  жылдары
                  Жетісу  облысында  денсаулық  сақтау  бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары,
                  1924-26  жылдары  Жетісу  губерниялық  денсаулық  сақтау  бөлімінің
                  меңгерушісі, губерниялық атқару комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған.
                  Н.Жақыпбаев 1925 жылы дәрігерлердің Бүкілодақтық I съезіне, Орынборда
                  өткен  губерниялық  денсаулық  сақтау  бөлімдерінің  сиезіне  қатысқан.  1932
                  жылы қайтыс болған.


                                                         Әдебиеттер:

                         Алаш.  Алашорда.  Энциклопедия  /  құраст:  Ғ.Әнес,  С.Смағұлова.  –
                  Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.158


                         Жақыпбаев Нүсіпбек  // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы:
                  энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.176
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147