Page 145 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 145
меңгерушісінің орынбасары. 30 жылдың орта шенінде Алматы қалалық
ауруханасында дәрігер. 1937 жылы ІІХК органдары тарапынан тұтқындалды.
«Бұрынғы Алаш-Орда қайраткері, Орал облатком төрағасы Х.Қошанбаевтың
антисоветтік тобының мүшесі» деген айыппен 1938 жылы 11 қарашада КСРО
Жоғарғы соты Әскери коллегиясы көшпелі сессиясының (Үштік)
қаулысымен атылды. 1958 жылы 27 ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери
коллегиясының қаулысымен ақталды. Қызы Мәншүк Мәметова әкесін ақтау
мақсатында өзі тіленіп Ұлы Отан соғысына аттанды, 1943 жылы Невель
қаласында болған шайқастағы асқан ерлігі үшін оған Шығыс қыздары
арасында бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қаза
болғаннан кейін).
Әдебиеттер:
Мәметов Ахметғали / Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы:
энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.298-300
Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. –
Алматы: «Арыс» баспасы. – 2009. – Б. 236-238
Ахмет және Әмина Мәметовтар: Алаштың ардақтылары… / Батыс
Қазақстан Облыстық Тарихи- Өлкетану Мұражайы. – Орал, 2006. – 15 б.
Құттымұратұлы Қ. Орал өңірінің атылған журналистері // AMANAT. –
2014. – № 1. – Б.342-346
Құттымұратұлы Қ. Жымпитыдағы баспасөз // Орал өңірі. – 2015. – 14
қараша. – Б.5
6.Тәж-Мұрат М. Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі.
– Ақтөбе: Полиграфия, 2003. – 233 Б.
Интернет сілтемелер:
https://kk.wikipedia.org/wiki/Ахмет_Мәметов
Ахмет Мәметов және большевизмге қарсы күрескен газет
// http://danakaz.kz/alashtanu
Мәметов Ахмет// https://alash.semeylib.kz/?page_id=365