Page 35 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 35

12 наурыз   Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, этнограф, абайтанушы
                    Садық Қасиманұлы Қасимановтың туғанына 120 жыл (1905–1977)


                                                      Қасиманов Садық 1905 жылы , қазіргі Шығыс
                                           Қазақстан  облысы  Абай  ауданында  туған.  Педагог,
                                           этнограф,  ақын.  1938  жылы  Қазақ  педагогикалық
                                           институтын  бітірген.  1939  –  60  жылдары  мектептерде
                                           мұғалім болды.

                                                      1960-71        жылдары         Қазақстан        Ғылыми
                                           Академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
                                           Қасиманов  қазақ  этнологиясын  (қолөнер,  ас-тағам,
                                           ұлттық ойын, т.б.) зерттеуге көп үлес қосты. Оның “Өс-
               өс,  бөбек”  (1961),  “Сиқырлы  сыбызғы”  (1961),  “Қазақ  халқының  қолөнері”

               (1962;  2-бас.,  1969;  3-бас.,  1995),  “Қазақтың  ұлттық  ойындары”  (1963,
               телавтор),  “Қазақтың  ұлттық  тағамдары”  (1977)  сынды  еңбектері  қазақ
               халқының тұрмыстық және рухани мәдениетінен молынан мәлімет береді. Бұл
               еңбектерде  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіне  қажетті  үй-жай  салу,  киім-
               кешек  тігу,  азық-түлік  дайындау,  әсем  бұйымдар  жасау  кәсіптері  айтылып,
               олардың  халықтың  қоғамдық  тарихымен  байланысы  ашып  көрсетілді  С.
               Қасиманов 1977 жылы 6 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болған.




                                                             Әдебиеттер:


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.Энциклопедия.  –  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014. - Б.456.


                           Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  -  Алматы:  «Аруна
               Ltd.» ЖШС, 2010


                           Қасиманов Ж. Қанды опық, қатты дауыл, қараңғы түн // Ертіс өңірі. -
               2005. - 26 мамыр. - Б.5

                           Қасиманов  Ж.  Есімін  елі  ұмытпаса  екен  //  Дидар.  -  2004.  -  25
               қыркүйек. - Б.2
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40