Page 36 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 36
13 наурыз Талантты сазгер, ұстаз Теміржан Базарбаевтың
туғанына 90 жыл (1935 - 2006)
Қазақ музыка өнерінің тұлғалы
тұғырының бірі - Теміржан Базарбаев. 1935 жылы
наурыздың 13 күні Алматы облысы, Алакөл
ауданында, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Алматы консерваториясын
бітіргеннен кейін М.Төлебаев атындағы Семей
музыкалық училищесі теория бөлімшесінің
меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет
атқарды.
1979-1982 жылдары Семей Ертіс өңірі Композиторлар одағының
бірінші төрағасы болды. Сазгерлік шығармашылығында Отан жайында, туған
өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы сияқты азаматтық тақырыптар басты
орын алған. Атап айтқанда, «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер»,
«Ауылым» әндерімен қатар, «Отан таңы», «Семей жастары», «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым», «Белгісіз солдат анасы», «Курган бессмертия»,
«Шалқыма», «Әнсіз қазақ болмаған», «Қазақстан», «Мен-коммунистпін», т.б.
ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары.
Өнер қайраткері-суреткері ұлттық қазына қорындағы орнын
айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында
тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес, сонымен қатар жалпы
шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік
табуында болса керек.
Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік
музыкадан мол хабары бар өнер иесі. Композиторлар қазақ музыка мәдениетіне
қосқан ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Қазақстанға Еңбек
сіңірген қайраткері» атағына ие болды, көптеген грамоталармен марапатталды.
Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі болған.
Баспадан жарық көрген «Қаздар қайтқанда», «Ақбаян» жинағына
енген отыздай әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың
Т.Молдағалиев, Н.Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған «Жаңа
жерлер», «Қазақстан» т.б. шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңа
жаңарған құбылысының жемісі. Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың
қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр
жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың
өнер бесігі, ән ұясы.

