Page 38 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 38
жастайынан өнерге әуестеніп, мектеп қабырғасында жүргенде
көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, әншілігімен көзге түседі.
Сегізжылдық мектепті бітірген соң 1967 жылы М.Төлебаев атындағы
музыка училищесіне оқуға түседі. Бақыт өзінің шығармашылық жолын 1970
жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды. Содан бері
ширек ғасыр киелі сахнада әсем әуенімен, әдемі дауысымен көрермендердің
ризашылығына бөленіп келеді.
Әншінің коцерттік репертуары да әр алуан. Ол қазақтың халық
әндерімен қатар, Ақанның, Естайдың, Кененнің, Сегіз Серінің, Үкілі
Ыбырайдың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың әндерін нақышына келтіре
орындайды.
Бақыт Үдербаева Қазақстан Композиторлары Б.Байқадамовтың,
Е.Рахмадиевтің, Т.Базарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ж.Жамақаевтың, әуесқой
сазгерлер К.Ибраев, Т.Рахимовтың, Б.Сыбанов әндерінің шебер орындаушысы.
Бақыт 1975 жылы бүкілодақтық әншілер конкурсының дипломанты,
1980 жылы Бүкілодақтық Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы әншілер
конкурсының бірінші жүлдегері болды. Осы жылы «Бақыт Үдербаева ән
шырқайды» атты күй табағы мен телефильмі жарыққа шықты. Өнердегі зор
жетістіктері үшін 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы
берілді. Сонымен бірге Қазақстан Министрлігінің, Семей облыстық атқару
комитетінің, Семей облыстық мәдениет басқармасының Құрмет
грамоталарымен марапатталды. Құрмет орденінің иегері.
Әдебиеттер:
Ахметбекова А. Ермінезді әнші: Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген артисі Бақыт Үдербаева туралы // Семей таңы. - 2005. - 1 сәуір.- Б.5
Есболатова М. Қосар үлес қомақты: мәдениет ошағының оттары //
Семей таңы. - 1978. - 30 август. - Б. 4.
Ибрагимов Т. Толқын толғау. - Алматы: Өнер, 2000. - 360 б.
Мағжан А. Дәстүрлі әннің Бақыты // Ертіс өңірі. - 2015. - 11 қараша. -
Б. 9
Мағжан А. "Ұлы дала елі" // Ертіс өңірі. - 2015. - 4 қараша. - Б. 2
Мұхаметқалиқызы А. Өнер елге құт // Ертіс өңірі. - 2003. - 31 тамыз. –
Б.3

