Page 39 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 39

Мұхаметқалиқызы А. Әлемді әнмен әлдилеп... // Ертіс өңірі. - 2005. -
               31 наурыз


                           Шығыс  жұлдыздары  Т.1:  Сөз  зергерлері.  Мәдениет  майталмандары:
               энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. - 282 б.


                           Шығыс  Қазақстан  облысы.  Энциклопедия.-  Алматы:  «Қазақ
               энциклопедиясы», 2014.-776 б.




                      16 наурыз   Өлкетанушы, шежіреші, «Күлтегін» медалінің иегері
                               Бекен Исабайұлының туғанына 95 жыл (1930-2020)


                                                              1930  жылы  16  наурызда  Шығыс
                                                   Қазақстан  облысы  Абай  ауданының  Көкбай
                                                   ауылына  қарасты  Маян  қорығында  дүниеге
                                                   келген.  Абай  ауданының  Күлмен  ауылкеңесіне
                                                   қарасты  Шолақкеспеде  1937-1941  жылдары
                                                   бастауыш        мектепте,        1944-1947       жылдары
                                                   Қасқабұлақтағы  Күлмен  орталау  мектебінде
                                                   оқыған.


                                                              1950  жылы  Крупская  атындағы  Семей
               педтехникумының  филология  факультетін  бітірді.  Абай  ауданының  Күлмен
               орталау мектебінде мұғалім, директор, 1945-1959 жылдары аудандық комсомол
               комитетінің       нұсқаушысы,         хатшысы       1959-1963       жылдары        «Қызылту»
               кеңшарында партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.


                           1985  жылы  Б.  Исабайұлының  «Совхоздар  күніне»  жазған  «Биіктен
               бәрі анық көрінеді» пьесасы байқауда бірінші орынға ие болған. 1987 жылдың
               қыркүйек  айынан  Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-
               мемориалдық  қорық-мұражайының  дамуына  қомақты  үлес  қосқан  шежірелі
               Бөрлідегі  Мұхтар  Әуезов  мұражай-үйі  бөлімінде  ұзақ  жылдар  бойы  қызмет
               істеп  келеді.  Осы  кезден  бастап  Шыңғыстау-  Тобықты  елі  мен  жері,  өткені
               жайында қалам тартып, шығармашылықпен ден қоя айналыса бастады.


                            Абайды,  оның  ақындық  –  өнер  айналысын  көрген,  ақынның  өмірін
               жете білетін адамдарды көп тыңдап әңгімелесті. Осы кездесулер мен сұхбаттар,
               мол  мағлұмат  қоры  нәтижесінде  2001  жылы  «Ұлылар  мекені»  монографиясы
               жарық  көрді.  Кітаптың  бөлім,  тарауларының  үзінділері  Абайдың  150
               жылдығына  орай  өткізілген  байқауда  арнайы  сыйлыққа  ие  болды.  Бұл  іргелі
               еңбек 2010 жылы қайта басылып шықты.
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44