Page 40 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 40
Б.Исабайұлы Абай, Шәкәрім, М. Әуезов мұраларын насихаттауда
ұлан-ғайыр еңбек етті. Тарихи тұлғалар, тарихи орындар жөнінде жүзге жуық
мақалаларды, жергілікті республикалық басылымдарда жарық көрді.
2005 жылы Абайдың 100 жылдығы қарсаңында «Қазақстан»
телеарнасы әзірлеген «Анық Абай» хабарлар топтамасының толымды болуына
Б. Исабайұлының құнды деректері мен естеліктері өз септігін тигізді. Үлкен
абыроймен зейнеткерлікке шығып, еңбектің рахатын немере-шөберелерінің
құрметіне бөленіп отырған қарттардың бірегейі.
«Күлтегін», «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға-20» жыл, Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалдар иегері.
Әдебиеттер:
Ел ырысын еселегендер қандай құрметке де лайық // Ертіс өңірі. -
2016. - 14 желтоқсан. - Б. 1,7
Имаханов Б. Абай мен Ақан серіні қоятын режиссер қайда?:
Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов 70 жаста. / Имаханов Б. // Ертіс
өңірі. - 2006. - 22 қараша. - Б. 8
Исламбаева З. Семей сахнасының саңлағы // Мәдениет. - 2009. - Б. 8-
11
Қабышұлы М. Бабалар ісі қашан да үлгі // Ертіс өңірі. - 2014. - 23
сәуір. - Б. 13
Қасымжанұлы С. Бекеңнің хикмет кеудесі // Ертіс өңірі. - 2010. - 29
қыркүйек. - Б. 11
Мағжан А. Сахна саңлағы // Ертіс өңірі. - 2016. - 23 қараша. - Б. 9
Нұғманбекова Р. "Шәкәрім" медалі ақын бейнесін сомдаған
майталманның төсінде. // Егемен Қазақстан. - 2017. - 10 қаңтар. - Б. 6
Сахнадағы дүниелердің барлығы өмірден алынады // Дидар. - 2010. - 8
ақпан. - Б. 5
Тоққараұлы Д. Өмір жолы. Адам аты жұмбақ-болашақ ұрпақ үшін
тарих. -Алматы, 2013.-138-144 б.
Шығыс жұлдыздары Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – 88-89 б.

