Page 55 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 55

2007    жылы  балаларға  арналған  «Балдәурен»  республикалық  ән
                  байқауына  қатысып,  Ә.Бейсеуов  атындағы  жүлдеге  ие  болды.    КСРО
                  Мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


                                                         Әдебиеттер:


                         Шығыс жұлдыздары             Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары:
              энциклопедиялық анықтамалық. – Астана: Фолиант, 2011. – 189 б.




                   16 маусым   Жазушы Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл  (1920-2008)





                                             Шәкәрім  ақынның  қолынан  дәм  татқан,  Мұхтардай
                                      ғұлама  жазушымен  үзеңгілес,  сыйлас,  Абай  рухының  асыл
                                      шырақшысы  бола  білген  жазушы  Кәмен  Оразалин  1920
                                      жылдың  16  маусымында  Семей  облысы,  Абай  ауданы,
                                      Құндызды  ауылының  Қылышбек  жайлауында  туған.  1939
                                      жылы  орта  мектепті  аяқтап,  әскер  қатарына  алынып,  Ұлы
                                      Отан  соғысына  қатысқан.  Жасы  20-ға  жеткен  өрімдей  жас
                  жігіт  елім  мен  өмір  арпалысқан  қан  майданның  қақ  ортасында  жүрді.  Сол
                  кездің  өзінде-ақ  Абай,  Шәкәрім,  Көкбай,  Шәкірлер  сияқты  өлең  жазып,
                  Мұхтардай зерделі сөздің зергері болсам деп армандайтын жас жігіт қалам
                  мен  қаруды  қатар  ұстап  жүрді.  Соғыстан  аман  оралған  жазушы  өзінің
                  болашақ шығармаларына қыруар материалды туған жер төсінен жинады.


                         1947  жылы  мұғалімдер  институтын  бітірген  соң,  туған  ауылындағы
                  орта  мектепте  мұғалім  болып  қызмет  атқарды.  Бала  оқытумен  қатар
                  жазушылықты та қатар алып жүрді. Абай аулының құрметті азаматы.

                         Ұлы Отан соғысынан қан кешіп оралған Кәмен Оразалин 1950 жылы

                  алғаш рет «Жексен» повесімен әдебиеттегі жолын бастады. 1959 жылы тың
                  тақырыбына  арналған  «Ақ  жазық»,  коллективтендіруді  суреттеген  «Көктем
                  салқыны», «Кең байтақ» романдары, «Абай ауылына саяхат» атты жол сапар,
                  тарихи мағлұматтарға бай кітаптары жарық көрді.

                         Абай - Мұхтар әлемінде Кәмен Оразалиннің дербес орны болуы заңды,
                  ұлы  дәстүрге  адалдық,  ал  дәстүрді  жалғастыру  парыз.  1972  жылы  жазушы
                  Мұхтар  Әуезов  туралы  төрт  томдық  роман  жазды.  Бұл  романды  жазуға  20
                  жыл ізденіп, 35 жыл табан аудармай жазды. «Абайдан соң» - жазушының ең
                  кесек,  ең  негізгі  туындысы,  мұнда  қазақ  дүниетанымының  негізгі
                  қағидаларынан, сахаралық қалыбынан айрылмаған мұрат бар.  Өзінің жарты
                  ғасыр  ғұмырын  Абай  атындағы  орта  мектепте  жас  жеткіншектерді  білім
                  нәрімен сысындатып, зейнеткерлікке шықса да жазумен шұғылданды.
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60