Page 57 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 57

Сабырбай  Қ. Ауылда отырып алашын мойындатқан  : жазушы Кәмен
              Оразалиннің 90 жылдық мерейтойынан репортаж = Сөнбейді жыр ошағы// Ертіс
              өңірі . - 2010. - 3 қараша. -  Б. 10-11


                         Сәрсенбайқызы  Ғ.   Туған  жер  арыстарын  жырлап  өткен      //  Дидар.  -
              2010. - 18 маусым. -  Б. 1


                      24 маусым   Әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық
                       Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының
                     докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сейіт
                                       Қасқабасовтың туғанына  85 жыл (1940)

                                      Әдебиеттанушы. 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында
                              туған.


                                   1957 жылы Алматыдағы №12 қазақ орта мектебін, 1964 жылы
                              Абай атындағы ҚазПи-ді үздік тәмамдаған. 1967 жылы М.Әуезов
                              атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  аспирантурасын
              бітірген.  1970-1981  жылдары  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Қоғамдық
              ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшы әрі «Қазақ ССР Ғылым академиясының
              хабарлары»  атты  журналының  жауапты  хатшысы,  1981-1983  жылдары
              Мәскеудегі  КСРО  Ғылым  академиясының  Горький  атындағы  Әлем  әдебиеті
              институтында аға ғылыми қызметкер, 1983 жылдан М.Әуезов атындағы Әдебиет
              және өнер институтында аға жетекші ғылыми қызметкер болды.


                       1988  жылы  ҚКП  Орталық  Комитетінде  консультант  қызметіне
              тағайындалып,  әдебиет  пен  өнер  саласына  жауапты  болған  және  саяси
              репрессияға  ұшыраған  арыстарымызды  ақтау  жұмысына  қатысып,  қажетті
              құжаттарды  дайындаған.  1990  жылы  Орталық  Комитетте  жаңадан  құрылған
              Саяси      процестер       социологиясы         орталығын        басқарып,       идеологиялық
              комиссияның  мүшесі  орталық  жетекші  ретінде  кезінде  қате  қабылданған
              көптеген саяси-партиялық құжаттардың күшін жою және жазықсыз жазаланған
              ақын-жазушылар  мен  қайраткерлерді  ақтау  туралы  жұмыс  тобын  жетекшілік
              еткен.


                   1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан
              Республикасы  Министрлер  Кабинетінің  Аппаратында  Мәдениет  секторының
              жетекшісі, Білім, ғылым және спорт, жастар ісі бөлімі бастығының орынбасары
              болған.  1992  жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Аттестациялық
              Комиссиясының  төрағасы  боп  тағайындалып,  ЖАК-ты  құрып,  ғылыми
              дәрежелер  атақтарды  беруге  және  ғалымдарды  аттестациялауға  қажетті
              Ережелерді жазған.


                      1993  жылы  ТМД  елдері  Жоғары  Аттестациялық  Комиссияларының
              қауымдастығын  құрып,  оның  төрағалығына  сайланған.  1994-1997  жылдары
              М.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  институтында  директордың
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62