Page 54 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 54

6 ; Ертіс өңірі. - 2010. - 24 ақпан. - Б. 19_


                         Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев [Қазанама] // Семей таңы. - 2010. - 18
              ақпан. – Б.6


                         Солтанбекқызы Қ. Ғасыр ғалымы // Семей таңы. - 2010. - 3 маусым. -
              Б.10

                         Төлебаева  Қ.  Ата  жұрт  тартқан  азап:  Рымғали  Нұрғалидың  "Дегелең
              дертінде" баяндалады. // Семей таңы. - 2011. - 23 тамыз. - Б.3


                         Тұрысбек  Р.  Академик  Рымғали  Нұрғали  мұрасы:  (Жоғары  білім  мен
              кемел  ғылым  мәселелері)  //  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті.  -  2012.  -  №12.  -  Б.  65-72
              (Бастапқы бөлігі өткен санда)


                         Тұрысбек Р.          Академик  Рымғали  Нұрғали  мұрасы:  (Жоғары  білім
              мен кемел ғылым мәселелері) / // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №11. - Б. 85-
              92


                  Шайкенов Б. Сыныптастың сыры // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 22 мамыр. - Б. 6




                        15 маусым   Композитор, сыбызғышы Ахметхан Алпысбаевтың
                                                  туғанына 75 жыл (1950)


                            1950 жылы 15 маусымда дүниеге келген. 1967 жылы Шығыс Қазақстан
                  облысы  Шұбартау  ауданының  Баршатас  орта  мектебін  бітірген.  Әскери
                  борышын  өтеп  келгеннен  кейін  Семейдегі  М.Төлебаев  атындағы  музыка
                  училищесінің баян сыныбын тәмамдаған. Шымкент қаласындағы әл-Фараби
                  атындағы  педагогтік-мәдениет  институтының  халық  аспаптары  бөлімін
                  тәмамдаған.


                             1975-1980  жылдары  Шұбартау  ауданының  жеті  жылдық  балалар
                  музыка  мектебінде  ұстаздық  етті.  1980-1994  жылдары  аудандық  Мәдениет
                  үйінде директор бола жүріп, «Шұбартау сазы» ұлт-аспаптар оркестрін құрып,
                  жетекшілік  жасады.  Оркестр  1991  жылы  Павлодар  қаласында  өткен  халық
                  аспаптары  оркестрлерінің  республикалық  байқауына  қатысып,  аймақ
                  бойынша екінші орынды иеленген.


                           1973  жылы  М.Төлебаев  атындағы  музыка    училищесі  оркестрінің
                  құрамында  ,  Абай  ауданы  «Қаламқас»  ансамбілінің  атынан,  Чекославияда
                  өткен  «Халықтар  достығы»             халықаралық    фестиваліне  қатысты.  1996
                  жылдан  «Көңіл  толқыны»  оркестрінің  жетекшісі.  Қазіргі  таңда  Үржар
                  аудандық  Мәдениет  үйі жанындағы  «Барқытбел»  фольклорлық  ансамблінің
                  жетекшісі. Балалар мен жастарға арналған 50 шақты әннің авторы.
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59