Page 70 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 70

1980  жылы  оның  журналистік  еңбегін  бағалаған  Семей  облыстық
              телерадиокомпаниясы әдебиет-өнер редакциясына қызметке шақырады. Осында
              жүріп талай жас таланттың тұсауын кесті. Ол дайындаған «Халық таланттары»,
              «Самал»,  «Өнеге»,  «Ән  өлемі»  сияқты  әдеби  музыкалық  хабарлар
              республикалық эфирге де шықты.


                         1989 жылы қырық жыл бойы Семей халқына қасірет әкелген полигон
              тақырыбына да алғаш рет драмалық қойылым жазған.


                         Ол тек талантты өнерпаз ғана емес, шәкірт дайындаған ұлағатты ұстаз.
              1980-1990  жылдары  аралығында  қаламыздағы  педагогикалық  институттың
              студенттеріне арнап «Еңлікгүл» мектептерінің шәкірттерінен жиналған «Өнер»
              мектебіне дәріс беріп жүр.

                         Елуден астам әннің, «Мұхтар асуы», «Сахнагер» кітаптарының авторы.
              Жұмабек  Әділғазыұлы  бұл  күндері  қалалық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту
              бөлімінің әдеби қызметкері. 8 наурыз  2021  жылы өмірден өтті.





                                                             Әдебиеттер:





                         Қамбаров  Ж.  Сахнагер  (Қазақстанның  халық  әртісі  Ә.  Жаңбырбаев
               туралы). - Семей, 1997.

                         Қамбаров Ж. Мұхтар асуы – Семей, 1997.


                         Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.- Алматы, 2004. - 260 б.


                         Нұрбаев С. Жапал атанған Жұмабек Қамбаров алпыстың асқарында //
               Семей таңы.-2010. - 21 қазан. -11 б.


                          Өрісі  кең  өнерпаз:  Әнші,  сазгер  Ж.  Қамбаровтың  туғанына  50  жыл
               толуына орай // Арай . - 2000. - 27 қазан.




                      1 қыркүйек   Қаламгер Толымбекке Әбдірайымның 70 жыл (1955)
                                                 (Толымбек Ыбырайым)





                                            1955  жылы  1  қыркүйекте  бұрынғы  Семей  облысының
                                     Аягөз  қаласында  туған.  Орта  мектепті  1972  жылы  бітіріп,
                                     Аягөз  автомобиль  жөндеу  зауытында  еңбек  жолын  бастады.
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75