Page 69 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 69

Абай әлеміне арналды // Семей таңы. – 2020. - 24 қаңтар. - Б.2


                          Абай жазған хаттары // Қазақ әдебиеті. – 2022. - 12 тамыз. - Б.3


                         Абай кезінде халқына қандай сөз айтты? // Қазақ әдебиеті. – 2020. -
                20 наурыз. - Б.1,2

                         Абай Құнанбайұлы өмірінен деректер  // Ертіс өңірі. – 2020. - 5 ақпан. -
                Б.9


                         Абай шығармалары тұңғыш рет Норвег тілінде ұсынылды. // Ертіс өңірі
               . – 2021. - 30 маусым. - Б.2


                         Абайды - оқы..... // Қазақ әдебиеті. – 2024. - 13 қыркүйек. - Б.8


                           1 қыркүйек   Әнші, композитор, журналист, драматург Жұмабек
                                   Қамбаровтың туғанына 75 жыл (1950 -2021)


                         Әнші,  композитор,  журналист,  драматург,  Қазақстан  Журналистер
               Одағының  мүшесі  (1984),  Қазақстан  драматургия  одағының  мүшесі  (2002)  -
               Жұмабек  Әділғазыұлы  Қамбаров  бес  жасында  домбыра  ұстап  «Еңлік-Кебек»,
               «Қобыланды»,  «Алпамыс»  «Қамбар»  дастандарын  жатқа  соғып  айтатынын
               ұстаздары  Б.Исабаев  пен  Д.Боранбаев  байқаған  еді.  Бірі  әдебиет  әлеміне
               икемдесе,  екіншісі  өнер  жолына  бағыт  сілтеп,  шәкірттің  әрбір  аяқ  алысына
               қуанатын, болашағына үлкен үміт артып, ертеңіне сенетін.

                         Абай  ауданының  орта  мектебін  бітіргеннен  кейін-ақ  аудандық
              «Қаламқас» ансамбліне шақырылады. Аудандық халық театрына шақырылды.


                         Әскер  қатарынан  орала  салысымен  ел  ордасы  Алматыға  аттанады.
              «Өнер»  мектебінің  әншілер  даярлайтын  бөліміне  Қазақстанның  халық  әртісі
              Ж.Елебековтің класына қабылданып, батасын алуы болашақ сазгерге сенім жүгін
              арқалатты.


                         1975  жылы  Абай  атындағы  музыкалы-драма  театрына  қабылданды.
              Әнші, сахна шебері Абай, Біржан, Естай, Ақансері әндерін асқақатата шырқап,
              құлақ  құрышын  қандыра  сезім  тынысын  дөп басса,  «Қаракөзде»  Асан, «Менің
              атым Қожада» Қожа, «Еңлік-Кебекте» Жапал, «Кісінейді құлындарда» Дулат т.б.
              рольдерді сомдап, халық алғысына бөленді.


                         Осы кезден бастап мақала да жаза бастайды. Қаламы ұштала түскен ол
              1975 жылы «Аққу әні» пьесасын жазады. Содан бері 30 жыл ішінде Ж.Қамбаров
              қаламынан үлкенді-кішілі оннан аса пьеса жазылды. Атап айтсақ, «Жер ана неге
              күрсінеді»,  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»,  «Жаралы  жүрек»,  «Желтоқсан
              жаңғырығы»  т.б.  туындыларын  жұртшылық  жылы  қабылдады.  Бұл  талантты
              өнерпаздың журналистік еңбегі еді.
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74