Page 90 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 90
Әдебиеттер:
Мұхтар Құл-Мұхаммед // https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1061
Мұхтар Құл-Мұхаммед // http://senate.parlam.kz/kk
Айы, күні белгісіз анықтамалары мен әдебиеттері берілген күндер:
Алаш қайраткері, белгілі меценат Сейітқұлов Мұхамедханның
туғанына 155 жыл (1870-1937)
Сейітқұлов Мұхамедхан - Алаш қайраткері, белгілі
меценат. Мұхамедхан Сейітқұлов 1870 жылы Семей
қаласында туған. Ол - аса мейірімді, білімді, жомарт,
алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның
қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін
қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. М.Сейітқұлов
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың алғашқы үш
онжылдығында қазақ халқының рухани дамуына
ықпал етті. Ол көптеген қолжазбалар мен тарихи өлең-
жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Алаш идеясын
дамытуға және іске асыруға Алаш партиясының үйін ашқан, мәдениет
қайраткері. Сол уақыттағы жазушылар мен баспагерлердің арасындағы
қарым-қатынасты қолдайтын, жомарт меценат болды. Оның үйі кездесулер
және «Алаш» партиясы мүшелерінің талқылаулары үшін ашық болатын.
М.Сейітқұловтың үйінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М.Тынышпаев,

