Page 91 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 91

Х.Ғаббасов, С.Торайғыров, Ы.Мұстамбаев, С.Дөнентаев және т.б. болған. Ол
                  Ж.Аймауытов  және  М.Әуезов  редакциясынан  шығатын,  «Абай»  журналын
                  және  «Сары  Арқа»  газетін  қаржыландыратындардың  бірі  болды.  Сол  кезде
                  шығып  тұратын  газет,  журналдарды  түгел  дерлік  алып  отырған.  «Дала
                  уалаяты»  газеті,  «Айқап»,  «Шора»,  «Абай»  журналдары,  «Қазақ»,
                  «Сарыарқа»,  «Уақыт»,  «Тәржіман»  газеттері,  Абайдың  (1909)  кітабы,
                  Шәкәрімнің,         А.Байтұрсыновтың,            М.Дулатовтың,           М.Жұмабаевтың,
                  С.Торайғыровтың,  тағы  басқа  қазақ  ақын-жазушылардың  кітаптары,  қисса-
                  дастандары жеке кітапханасынан табылған.


                         Семей  семинариясында  оқып  жүрген  кезінен  бастап  Мұхтар  Әуезов
                  Мұхамедханмен жақсы таныс болып, туған інісіндей болып кеткен. «Еңлік-
                  Кебек»,  «Қаракөз»  пьесаларын  сахнаға  даярлау  кезінде  репетицияларын
                  үнемі  сол  үйде  өткізген.  Мұхтармен  бірге:  Жүсіпбек  Аймауытов,  Иса
                  Байзақов,  Әміре  Қашаубаев,  Әлмағамбет  әншілер  де  Сейітқұловтың  үйінде
                  жиі  қонақ  болып  тұрған.  Сонымен  қатар,  Мұхамедхан  Мұхтар  Әуезов  пен
                  Хасен      Тұрлыхановтардың           моральдық,        материалдық        және      рухани
                  жетілулеріне, белгілі тұлға болып қалыптасуларында маңызды рөл атқарды.
                  Әлихан  Бөкейханов  Семейдің  сол  жағалауында  өткен  жиында  қалаға
                  бастапқы  «Алаш»  атауын  қайтару  туралы  мәселе  көтерген  кезде,
                  М.Сейітқұлов оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» атауын қайтаруды нақтылы
                  дәлелдермен қорғаған.


                         М.Дулатовтың  қызы  Гүлнар  Дулатова  әкелерінің  дос  болғанын  еске
                  алады.  1911  жылы  М.Сейітқұлов  Міржақып  Дулатовты  кепілдік  салып,
                  тұтқыннан босатады. Ал Шәкәрімнің белгілі фотосуреті Сейітқұловтың үйіне
                  келген  кезде  түсірілген.  Сонымен  бірге,  Сейітқұлов  Шәкәрімнің  қамаудан
                  босап шығуына көмектеседі.


                         Мұхамедхан Тінібай мешітінде ислам дінінен сабақ берді, кейіннен №6
                  мешітте,  халық  арасында  Ахмет  Риза  мешіті  аталып  кеткен  мешітте  имам
                  болып қызмет атқарды.

                         Қазақ халқы тарихында зұлматты жылдар қатарынан саналатын саяси
                  репрессия,  сойқанды  зұлмат,  қаралы  кезең  Мұхамедханның  да  тағдырын
                  айналып  өтпеді.  Алаш  арыстары  түгелге  дерлік  атылып,  айдалып  кеткен
                  шақта Мұхамедхан Сейітқұловты да мұсылмандардың кеңес үкіметіне қарсы
                  тобынын белсенді мүшесі деген жаламен ұсталғаннан кейін, үш күннен соң
                  ешқандай  арнайы  тергеу,  сот  үкімінсіз  ату  жазасына  кеседі.  Мұхамедхан

                  Сейітқұловты 1937 жылдың  2 желтоқсаны күні  түнде  атқан. Фотосуреттері
                  сақталмаған. Жерленген жері белгісіз. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96