Page 93 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 93
Ақын Есенсары Құнанбаевтың туғанына 140 жыл (1885-1960)
Есенсары Құнанбаев Аякөз ауданындағы, Таңсық совхозында 1885 жылы
дүниеге келген. Жасынан өлең –жырға аталы сөздерге үйір болып өскен.
Әкесі Тұрлыбек жастайынан өсіп, үлкен әкесі Құнанбайдың төрбиесінде
болған ол қаршадайынан жоқтық, тұрмыстың зардабын тартып өскен. Ат-
жалын тартып мініп, азамат болып, сөзі елге жайылған кезде жаңа дүниені
өмірге әкелген Октябрь революциясының бақытын, елінің қуанышын тегіле
жырлаған ақын болды.
Қазақ поэзиясына үлес қосып кеткен ақын Төлеу Көбдіков:
Семейде менен басқа тоғыз ақын,
Бәрі де тілінен бал тамызатын.
Әсетке шәкірт болып үлгі көрген
Біреуі Есенсары нағыз ақын, -
Абай, Әріп, Әсет ақындардың өлеңдері мен хиссаларын жаттап
алып,халыққа таратады. Бірнеше жыл бойы Әсеттің қасында болып, оның
ақындық, әншілік өнерін үйренеді. Бертін келе, ақындар айтысына да қатыса
бастайды.
Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдері Қазақ ССР Ғылым академиясы
әдебиет пен өнер институты құрастырып шығарған 1945, 1954, 1965
жылдардағы жинақтарға енгізілген. Қазақ совет әдебиетінің белгілі
сыншысы, филология ғылымының докторы, марқұм Е.Ысмайловтың 1956
жылы жарық көрген «Ақындар» атты көлемді монографиялық еңбегінен
Есенсары жайлы да парасатты пікірлерді кездестіруге болады.
Есенсары Құнанбаевтың ақындық жолға ерте түскенімен өлең жазуға
төселіп, шын мәнісінде оны өнер деп тануы Ұлы Отан соғысы алдындағы
бесжылдықтар мен сол сұрапыл кезеңдердің тұсы. Ақынның өлең-жырлары
халық мүддесімен кіндігі бір кесек туындылар. Оның шығармаларының нәрлі
болуы өміріне байланысты. Ақын колхозды, ауыл өмірі, Ұлы Отан соғысы
кезінде елін жеңіске сендіріп, ерлікке талпынтқан патриоттық, тәрбиелік мәні
зор шығармаларды көптеп жазған еді.
Есенсары ақын 1936 жылы республикалық ақындар айтысында және
Жамбылдың 90, 100 жылдық тойына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

