Page 95 - 2025 жыл күнтізбе Семей++
P. 95
Жүн өңдеу фабрикасына 90 жыл (1935)
Жүн өңдеу фабрикасы 1935 жылы іске қосылды. Қой
мен ешкіден, түйеден, қырқылып алынған биязы,
қылшықты, жартылай қылшықты жуылған жүн өңдейді.
Фабрика койлектік, костюмдік, пальто, көрпе, орамал,
кілем т.б. әр түрлі материалдар, трикотаж, тоқитын
иірілген жіп, киізден түрлі бұйымдар жасап шығарады. Фабриканың негізгі
болған жүн жуу кәсіпорыны алғаш 1893 жылдан бастап іске қосылды. Ұлы
Қазан төңкерісінен кейін кәсіпорын жергілікті жүн серіктестігінің құрамына
енді. 1935 жылдан бастап жүн өндеу фабрикасы деп аталады. Фабриканың 3
өндірістік корпусында 9 жуу-кептіру агрегаты бар. 1984 жылы кәсіпорын 23
мың тонна өнім берді. Балық жағалауы, Украина, Белоруссия
республикаларының, РСФСР мен Қазақстанның 130- дан астам кәсіпорнына
жөнелтті. Жүнді сорттау процесі конвейрлік әдіспен жүргізілді.
Жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасы (ПОШ) кезінде күлді
Одаққа белгілі болып, дүрілдеп тұрған еді. Қазір аталмыш фабрика
ықшамдалып, «Сенім ЛТД» ЖШС-і болып қайта ашылған еді. «Сенім ЛТД»
фирмасы жүннің шикізат ретінде сапасын реттеуді мақсат етіп отыр. Жүн
сапалы болу үшін қой аман-сау болып, қозы күнінен қарауда, бағуда болу
қажет. «Сенім ЛТД» толық қарқында жұмыс істесе, шамамен жылына 60 мың
тонна жүн өңдеу мөлшері жылына 20-22 мың тонна аралығында болмақ.
Бертінге дейін бүкіл Одақ көлемінде аты шыққан бұрынғы жүнді алғаш
өңдеуден өткізу фабрикасы (ПОШ), бүгінгі күні «Сенім ЛТД» фирмасында
жүнді өңдейтін өте озық франциялық технологиямен жұмыс істейтін
қондырғы орнатылған. Фирма еліміздегі тоқыма өндірісіне дайын шикізатты
жеткізуге қол жеткізді.
Әдебиеттер:
Нұғманбекова Р. Жүн өндеу – атадан қалған кәсіп // Дидар. - 2002. – 15
маусым. – Б.2

