Page 21 - Календарь - 2026 год Семей
P. 21
еңбек етті. Ол Семей облысы бойынша ТАСС меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. 1997
жылдан бастап "Казахстанская правда", "Рудный Алтай" газеттерінің, "Абай"журналының
фототілшісі болды. Владислав Павлунин КСРО Журналистер Одағының және Қазақстан
Республикасы Журналистер Одағының мүшесі болды. Владислав Владимирович
Павлунин 2002 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Назирова Е. История в кадре // Наше дело. - 2012. - 12 июля
Памяти Влада Павлунина // Голос народа. - 2002. - 29 ноября. - С. 10.
30 сәуір Жазушы, аудармашы, драматург,
телерадиожурналист, мемлекет және қоғам қайраткері
Сұлтан Оразалиновтың туғанына 85 жыл (1941-2021)
Жазушы, аудармашы, драматург, телерадиожурналист,
мемлекет жөне қоғам қайраткері. Сұлтан Шәріпұлы – Аягөз
қаласында дүниеге келген. С. Шәріпұлы көп балалы отбасында дүниеге
келді. Әкесі Ұлы Отан соғысында қайтыс болып, анасының семьяның
бар ауыртпалығын көтеруіне тура келді.
Қазақ университетінің филология факуьтетін 1964 жылы
бітірген Сұлтан Оразалинов қызмет жолын ұлттық теледидардан
бастады. Онда көптеген әдеби-драмалык хабарлар жаза жүріп,
монографиялар жаза бастады. Зерттеуші кезінде «Асау арна», «Дөң асқан», «Жанартау»,
«Шалқар», «Айғайтас» атты хикаят-романдарын талдауда дарынды әдебиетшілік
карымын көрсетті.
С.Оразалинов – көп қырлы талант иесі. Ол бертінде қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктері мен ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын зерттеуге арналған «Қиял мен
өмірдің шындығы», «Тілсіз халық болмайды», «Ақиқаттың құқығы» т.б. тағылымдық
кітаптар жазды. Сұлтанның төлтума туындыларының ішінде теледидар сахнасына
арналып жазылған телепьесалар мен теленовелла телеинсценировканың шоқтығы биік. Ел
аузындағы аңыз бойынша жазылған «Кек» теленовелласы Махамбет ақынның өлмес
рухына арналған.
С. Оразалинов - төл классикамызды да экрандаған қаламгер М.Әуезовтің
әнгімелері бойынша төл экранға шыққан «Шатқалаң», «Үйлену» телеинсценировкалары
соның нәтижесі.
«Сұхбат», «Халық қазынасы», «Шұғыла», «Қымызхана», «Кездесу», «Айтыс»
хабарларын алғаш ұйымдастырып, сценарийлерін жазған, эфирде жүргізген; үш жүзге
жуық әдеби сценарийлер мен қырық шақты ғылыми
зерттеу мақалалардың авторы, орыс және шет ел жазушыларының роман,
повестерін қазақшалаған кітаптары жарық көрді.
С. Оразалиновтың каламгерлік қарымы эссе жанрында барынша ашыла түсті.
Оның Ғ.Мүсірепов туралы «Алыптардың ақырғы сардары», Ғабиден Мүстафин жайлы
«Сарабдал», Ілияс Есенберлин жөніндегі «Қайсар», Шыңғыс Айтматов женіндегі
«Кемеңгер» деп аталатын эсселері - осы жанрдағы көрнекті дүниелер.
1986 жылы республикалық өнер баспасына директор болып тағайындалды. Сол
жылдары Мәдениет қызметкері, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атағына ие
болды. Башқұрт А.Хакимовтың «Қос терек», «Қилы заман», Н.Еременконың «Күткен таң»
шығармаларын қазақшалау арқылы ол - телепублицист, теледраматург, сыншы және

