Page 7 - Календарь - 2026 год Семей
P. 7

2  қаңтар                                Жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл  (1936-2024)


                                               Жазушы  Медеу  Сәрсеке  1936  жылы  2  қаңтарда  Абыралы
                                        ауданының  Қайнар  кеңшарында  туған.  Орта  мектепті  1953  жылы
                                        бітіріп,  Қазақтың  Политехникалық  институтына  түсіп,  білім  алып
                                        шыққан  соң  журналистикаға  келеді.  «Жас  алаш»  (Лениншіл  жас)
                                        газетінде    әдеби  қызметкер,  бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызметін
                                        бастайды.
                                               1959-63  жылдар  аралығында    Семей  цемент  зауытында,    аға
                                        диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963-1965 жылдары
                  «Егемен Қазақстан» газетінің  Семей облысындағы меншікті тілшісі.
                         1965  жылдан    Семей  облысаралық  бөлімшесінде      қазақ  әдебиетіндегі  ғылыми-
                  қиял жанрының өрістеуіне көп еңбегі сіңген қаламгер.
                          Ғұмыр  жолының  бастапқы  кезеңінде  «Ғажайып  сәуле»  (1959),  «Көрінбестің
                  көлеңкесі»  (1960),  Жетінші  толқын»  (1964),  «От  пен  атом»  (1965)  атты  және
                  жеткіншектерге  арналған    ғылыми-қиял  хикаяттары  жарық  көрді.        Өндіріс  адамдары
                  жайлы  «Жетіжылдықтың  жігіттері»  очерктер  жинағы  (1961),  «Қаз  қайтқанда»  (1968),
                  «Айшықты мезет» (1969) деректері повестері жарияланды.
                          Қаламгердің  есімін  күллі  Одаққа  және  шетел    оқырмандарына  танытқан  сүбелі
                  туындысы  –«Сәтбаев»  атты  деректі  ғұмырнамасы  «Тамаша  адамдар  өмірі»  сериясымен
                  жарық көрді.
                         Ол  алтын,  күміс  ақтарған,  мырыш  тасқындатқан  кенді  Алтайдың  тіршілік-
                  тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады.
                         Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.
                         2002  жылы  академик  Қ.Сәтбаев  жайлы  орыс  тілінде  «Планета  Сатпаева»  және
                  «Через  тернии»  кітаптары  оқырманға  жол  тартқан  атақты  ғалымды  әлемнің  112  еліне
                  танытқан суреткер.
                         Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр»
                  сериясымен  «Ебіней  Бекетов»  атты  күрделі  еңбек  еді.  Мұнда  Қазақстан  Республикасы
                  Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің
                  қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.
                         Елбасының  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  Шығыс  Қазақстан
                  облысының  әкімі  Даниал  Кенжетайұлы  Ахметовтың  бастамасымен   Мемлекет
                  басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2018-2019
                  жылы  Ұлы  ақын Абай Құнанбаевтың
                         175- жылдық мерейтойы қарсаңында  «Абай әлемі» жобасын қолға алған болатын,
                  Сол  жобаның  редакциялық  кеңесін  басқарады.  Екі  жылда  25  автордың  кітаптарының
                  жарық көруіне ықпал етті.
                          "Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғары
                  Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Халықаралық  Ақпарат  академиясының
                  академигі,    Шығыс  Қазақстан    мемлекеттік  техникалық  университетінің    құрметті
                  профессоры,  «Құрмет»,  «Парасат»  ордендерінің  иегері,  Семей  қаласы  мен  Баянауыл
                  ауданының Құрметті азаматы.
                         Медеу Сапаұлы 2024 жылдын 21 наурызында дүниеден өтті.

                                                              Әдебиеттер:

                         Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі. - 2004. - 22 қаңтар. -27.
                         Тоққараұлы  Д.  Өмір  жолы.  Адам  аты  жұмбақ  -  болашақ  ұрпақ  үшін  тарих...-
                  Алматы, 2012. - 311-312 б.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12