Page 9 - Календарь - 2026 год Семей
P. 9
ақ Н.Карамзиннің “Сормаңдай Лиза” хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма
жанрының дамуына үлкен үлес қосты.
Саналы өмірінің жартысынан астамын Семей педагогикалық институтында
ұстаздық еңбекке арнаған Қайым ағаның бұл салада атқарған ісі де абыройлы, айрықша
жемісті. Қайым аға 1938 – 1941 жылдары аталған институттың филология факультетінде
оқып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы болып
қызмет істеуге хұқ алады. Қырық жылдан астам ақ ордамызда білім мен тәрбиенің дәнін
егіп, адамгершілік нұрын төккен ұлы ұстаз қолынан қаншама ұрпақ сусындады. Қазақ тілі
мен әдебиет кафедрасының доценті, профессор Қайым Мұхамедханов Семей
педагогикалық институтында 50 жылдан астам қызмет жасап, 1989 жылы зейнетке
шығады. Жалпы оқытушылық қызметтегі еңбек өтілі, 1933 жылдан бастап 70 жыл.
Республикалық маңызы бар зейнеткер бола тұра, зейнетке шыққаннан кейін де, өзінің
ғылыми-шығармашылық қызметтерімен айналыса береді.
Кеңес Одағының медальдарымен «Халыққа білім беру ісінің үздігі», «Қазақ ССР
ағарту ісінің үздігі» белгілерімен, Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын
медалімен марапатталған. АҚШ-та Қ. Мұхамедхановтың суреті мен аты жазылған пошта
маркасы шығарылды. Жазушының тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылған. Семей
қаласында Абай атындағы орталық әмбебап кітапханасы жанынан ескерткіш мемориал
ашылды. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ ССР-
нің мемлекттік әнұранының авторы (1945 ж.), КСРО жазушылар Одағының мүшесі (1940
ж.). Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғашқы құрметті
профессоры, Семей, Аягөз қалаларының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті
азаматы.
Семей, Аягөз қалаларының және Абай, Жаңасемей аудандарының «Құрметті
азаматы». Қазақтың қайсар ұлы Қайым Мұхамедханов 2004 жылы 88 жасында Семей
қаласында дүниеден озды.
Әдебиеттер:
Алаш арыстарының соңғы тұяғы: Қ.Мұхамедхановқа 6 қыркүйек күні ескерткіш
орнатылды // Семей таңы. - 2010. - 7 қазан.
Жоламанова П. Өшпес із қалдырған // Семей таңы. - 2009. -17 маусым. –Б.2
Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі. - 2005. -12 мамыр. –Б. 28
Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жетпейді // Ертіс өңірі. -
2010. - 24 қараша. –Б. 10-11
Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы. - 2001. - 26 қаңтар. - 3 б.
Қайым Мұхамедханов туралы қазанама // Дидар. - 2004. - 3 шілде; Семей таңы. - 9
шілде. – Б.3
Қайым туралы сөз / құраст.Қ.Мұхамедхановтың отбасы. - Астана: Фолиант,2006. -
376
Қасымжанұлы С. Қайым туралы сөз // Жас қазақ. - 2010. - 5 ақпан. - 8 б.
Мақанқызы К. Қайсар рухты қазаққа ескерткіш // Ертіс өңірі. - 2010. - 13 қазан. –
Б.8
Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский. -Алматы,2009.
- 64 б.
Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. -Алматы, 2010.
-164 б.
Мұхамедханов Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы: өлеңдер, поэмалар, аудармалар,
мақалалар, арнаулар. - Семей, 2010. - 144 б.
Нұрқасым Қ. Пилондар образы: (ескерткіш туралы) // Ертіс өңірі. -20010. - 22
желтоқсан. – Б.12

