Page 11 - Календарь - 2026 год Семей
P. 11
Әдебиеттер:
Ахметжанов А. Сазды сапар: өмір мен өнер туралы толғаныс. - Семей, 1999. - 169
б.
Ахметжанов А. Рухани жол: Шәкәрім. Ән. Дастан. Мұра. - 2-кітап. - Өскемен:
«Рекламный дайджест», 2008. - 292 б. (Шәкәрім, Ахат Шәкәрімұлы, О.С.Джанияров
туралы да мәліметтер берілген)
Ахметжанов А. Қажының тұлпары – «Қоңырат» // Семей таңы. - 2003. - 29 тамыз. -
Б.14
Ахметжанов А. Ахат аға // Семей таңы. - 2000. - 28 шілде. - Б.10
Ахметжанов А. Бізге жеткен жалғыз сурет // Семей таңы. - 2003. - 11 шілде. - Б.3
Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған/ / Семей таңы. - 1991. - 3 қазан. - Б.4
Жүнісбекұлы Болат. Жүрек сөйлейді: абайтанушы - композитор Арғынбек
Ахметжанов туралы сөз // Семей таңы. - 2016. - 8 қараша. - Б. 8
Қайырбекұлы А. Семейдің бенвенутосы // Семей таңы. - 2003. - 11 сәуір. – Б.15
8 қаңтар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
еңбек ардагері, Хафиз Матаевтың туғанына
95 жыл (1931-2020)
Хафиз Матаев – 1931 жылы 8 қаңтарда Абай ауданының
Саржал ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Семей педучилищесін
бітіріп, Саржалда мұғалім болған. 1952 жыл Семей педагогикалық
институтын қазақ тілі мен әдебиет факультетін қызыл дипломмен
бітірген.
1952-1958 жылдары Бесқарай аудандық оқу бөлімінің
инспекторы, меңгерушісі, Беген орта мектебінің директоры болған.
1958 жылы Бесқарай ауданының Чапаев атындағы Беген
қолхозын басқарып, 1959 жылы колхоз бір миллион пуд астық
мемлекетке тапсырып, ВДНХ сыйлығының иегері болады. 1961 жылы
Бесқарағайда колхоздар таратылып, совхозға айналады. Хафиз төрт
жыл аупарткомда инспектор-партия ұйымдастырушысы болады.
1961-1969 жылдары Х.Матаев Шұбартау ауданы Совет атқару комитеті төрағасы
қызметіне болады.
1969-1973 және 1978-1991 жылдар аралығында Абай ауданың басқарып, тағдыр
тауқыметінен тұралап қалған елдің еңсесін көтерген оның жанкешті еңбегі туралы
абайлықтар аңыз қылып айтады. Алғаш Абай аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы болып келгенінде аудан орталығы Қарауылда және Қайнар, Саржал
ауылдарында жаңа типті мектептер, Қарауылдағы 500 орындық Мәдениет үйі, 280
орындық балабақша, аурухана т.б. әлеуметтік маңызы бар құрылыстар сол жылдары
салынып, Семей-Қарауыл асфальт жолы төселді. Атағы талай елге жеткен «Қаламқас» ән-
би ансамблі де сол жылдары құрылады. «Қаламқас» халық ансамблі Венгрия,
Чехославкия,
Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінде өнер көрсетіп әлемдік биікке көтерілді.
Абай ауданында жалпы болып істеген 17 жылда (1969-1991) Хафиз Матаев екі
дүркін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланады. 1988 жылы КПСС-тың
Бүкілодақтық конференциясына және ХХYІІІ съезінің делегаты болып сайланған.
Хафиз Матаев басқарған жылдары Абай ауданы тоғыз рет Бүкілодақтық
социалистік жарыс жеңімпазы атанып, Қызыл Тумен, дипломдармен марапатталды.

