Page 12 - Календарь - 2026 год Семей
P. 12
2006 жылдан Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша ардагерлер
кеңесінің бірінші орынбасары болды.
Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының тарихын жасайтын, өзіндік табиғи
келбетін танытатын адамдар – ұлы Абайдың рухани мұрагері, көрнекті қоғам қайраткері,
«Октябрь революциясы», «Ленин» «Құрмет», «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту», ордендерінің
иегері,
2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына 80 жасқа
толуына байланысты «Достық» орденімен және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне
20 жыл» юбилейлік медальдармен марапатталды.
Хафиз Матаев - «Абай ауылының ақиықтары» (1981), «Ақылмен ойлап сөйлесек»
(2000) кітаптардың авторы және 2008 жылы ақын Төлеген Жанғалиевтың авторлығымен
шыққан «Матаев» атты эссе-кітаптың кейіпкері.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек ардагері Хафиз Матаев Семей
өңірінің адал перзенті.
«Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы 1999 жылы 20 қазанда берілді. Есімі
аймағымызға белгілі еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Хафиз Матаев 2020
жылы дүниеден өтті, ал 2022 жылы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Әдебиеттер:
Жанғалиев Т. Матаев: эссе. – Семей: Халықаралық Абай клубы, 2008. – 376 б.
Баттал Р.М. Шыңғыстаудың шынары // Қазақ әдебиеті. - 2006 . - 11 қаңтар. – Б. 11
Екібаев Ж. Кемел тұлға // Дидар. - 2006. - 7 қаңтар. – Б.2
Зекенұлы, Қ. Ел басқару ережесі // Ертіс өңірі. – 2011. – 5 қаңтар. – Б. 10
Матаев Х. “Адал еңбектің жемісін көру – нағыз бақыт” // Семей таңы. – 2011. – 5
қаңтар. – Б. 4
Мәмет С. Абыройлы ақсақал // Егемен Қазақстан. – 2011. – 8 қаңтар. – Б. 9; Дидар .
– 2011. – 27 қаңтар. – Б. 7
Тоққараұлы Д. Өмір жолы. Адам аты жұмбақ - болашақ ұрпақ үшін тарих...-
Алматы, 2012.- 208-213 б.
13 қаңтар Кеңес Одағының спорт шебері,
балуан Василий Григоревич Ярковтің
туғанына 115 жыл (1911-1995)
1911 жылдың 13 қаңтарыңда бұрынғы Семей облысының
Новопокровка аулында туған. Жасынан Семей қаласында жүк
тасушы болып істеген. Айналасына орасан зор күшімен белгілі
болып, той-жиындарында, мерекелерде белбеу күресіне қатысып
үнемі жеңіске жетіп отырған.
1931 жылы жас балуанды И. Поддубный байқап, өзіне
шәкірт етіп алады.
Бірнеше жыл цирк аренасында өнерін көрсетеді. 1934 жылы
Ростов қаласында өзінің ұстазы Поддубныйды жеңеді.
Ауыр атлетиканың ең қиын түрлері - тағаларды сындырып, шегені жүдырығымен
қағады немесе бармағымен басып, тақтайға кіргізеді, жуан белтемірлерді мойнына салып
иеді.
Ұлы Отан соғысы кезінде цирктегі өнерін жалғастырады. Нижний Тагильде өткен
чемпионаттағы жеңісінен түскен қаржысын толығымен Қорғаныс қорына аударады.

