Page 8 - Календарь - 2026 год Семей
P. 8

Шығыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.  -  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы»,
                  2014. -146 б.
                         Шығыс      жұлдыздары.      Т.1:   Сөз    зергерлері.   Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана:Фолиант, 2011. – 187 б.


                   5 қаңтар                                     Жазушы, абайтанушы, ғалым, аудармашы, текстолог,
                                                               Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл (1916-2004)


                                              Абайтанушы, ғалым, жазушы Қайым      Мұхамедханұлы 1916
                                       жылы  5  қаңтарда  Заречная  Слабодка  деп  аталған  қазіргі  Жаңасемей
                                       ауданында дүниеге келді.
                                              Қайым  Мұхамедханұлының  ғылыми  еңбегінің  басты  бағыты
                                       Ұлы  Абайдың  өлмес    өшпес  мол  мұрасын  зерттеумен  байланысты.
                                       1951  жылы  қорғаған  “Абайдың  әдеби  мектебі”  кандидаттық
                                       диссертациясы,       «Абайдың       ақындық       айналасы»,      «Абай
                                       шығармаларының        текстологиясы      жайында»      монографиялары
                                       әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Ұлы Абайдың
                                       150 жылдық мерейтойына арнап Республикалық Абай қоры шығарған
                  ”Абайдың ақын шәкірттері” атты 4 кітаптан тұратын жинақ Қайым Мұхамедханұлының
                  құрастыруымен 1993-1997 жылы жарық көріп, оған Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай,
                  Мағауия,  Тұрағүл,  Кәкітай,  Көкбай,  Уәйіс,  Әріп,  Әсет,  Мұқа,  Әубәкір,  Иманбазар
                  шығармалары, олар туралы ғалымның зерттеулері енді,
                         Қ.  Мұхамедханұлы  Абайдың  екі  томдық  академиялық  шығармалар  жинағының
                  жаңа  басылымын  шығаруға  (1995)  үлкен  үлес  қосып,  алғашқы  абайтанушылар  жайлы
                  ”Абай  мұрагерлері”  зерттеулер  жинағын  (1995)  жарыққа  шығарды,  Ж.  Аймауытов  пен
                  М.Әуезов  негізін  қалаған  ”Абай”  журналының  жетпіс  жылдан  кейін  қайтадан  жарық
                  көруіне көп еңбек сіңірді. Қайым аға ұлы Мұхтардың сынынан өткен бірегей шәкірті еді.
                  Ұстаз ұстанған идеялық танымын қарсыластарынан қорғау жолында тізерлеп өлгенше, тік
                  тұрып өлуді артық көрді.  Осы ерлігі үшін 25 жылға халық жауы атанып, тамұқтың отына
                  да түсті. Бәрібір әділет жолы жеңді.
                         Қайым  Мұхамедханұлы  –  ақын.  1938  жылы  Жамбылдың  әдеби  қызметінің  75
                  жылдығына  арналған  республикалық  ақындар  сайысында  “Жамбыл”  атты  толғауы  бас
                  жүлдені  жеңіп  алды,  ал  1945  жылы  Қазақ  ССР  мемлекеттік  гимнінің  авторы  болуы
                  ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы.
                         Ғалымның  ғылыми  мақалаларының  ішінде  «Бұхар  жырау»  (1982),  «Махамбет
                  шығармаларының  текстологиясы»  (1986),  «Уәйіс  Шондыбаев  шығармаларының
                  текстологиясы»  (1988),  «Ақын  Шәкәрім»  (1988),  «Ахмет  Байтұрсынов»,  «Мағжан
                  Жұмабаев»,  «Жүсіпбек  Аймауытов»  т.б.  атап  өтуге  болады.  4  томдық  “Абайдың  ақын
                  шәкірттері”  және  “Абай  мұрагерлері”  жинақтары  да  абайтанудағы  төтенше  жаңа
                  құбылысқа айналды.
                          Жазушы  Қайым  Мұхамедханұлының  драмалық  шығармалары  бір  төбе.
                  Драматургтың “Перне” (1944), “Майданнан майданға (1947), “Комиссар Ғаббасов” (1960),
                  “Ер Білісай” (1974) атты туындылары – қоғамдық ортадағы түрлі тартыстарды көрермен
                  назарына  қалтқысыз  жеткізген  сүбелі  дүниелер.  Олар  әркез  республикалық,  облыстық
                  театр сахналарында қойылып келеді.
                          Қайым  Мұхамедханұлы  -  түпнұсқа  иесінің  ойын  тереңінен  танып,  тебірене
                  толғайтын шебер аудармашы: У.Гаджибековтың “Аршин мал алан”, Ш.Камалдың  “Хажы
                  әпенді үйленеді” пьесаларын, татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдерін, сондай-
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13