Page 10 - Календарь - 2026 год Семей
P. 10

Сейсенұлы  Д.  Алаш  арыстарының  соңғы  тұяғы  //  Егемен  Қазақстан.  -2009.  -  7
                  қараша. – Б.6
                         Смағұлова  Е.  «Адам  боп  жер  астына  кірдің  де,  тас  мүсін  боп  шыға  келдің»:
                  (ескерткішке арналады) // Семей таңы. - 2010. - 14 қазан. – Б.1
                         таңы. - 2010. - 5 қаңтар .-Б. 3
                         Тоққараұлы  Д.  Өмір  жолы.  Адам  аты  жұмбақ-  болашақ  ұрпақ  үшін  тарих...-
                  Алматы, 2012. – 236 - 237 б.
                         Чушекова Ж. Қазақтың қайсар ғалымы: (ғалымның 95 жылдығына орай Алматыда
                  өткен дөңгелек үстелден кейінгі жазылған мақала) //  Семей
                         Шығыс      жұлдыздары      Т.1.    Сөз    зергерлері.   Мәдениет      майталмандары:
                  энциклопедиялық анықтамалық. - Астана: Фолиант, 2011. – 119 б.
                         Шығыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.  -  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы»,
                  2014. - 138 б.


                  5 қаңтар                                                               Сазгер, ақын Арғынбек  Ахметжановтың
                                                                                      туғанына 90 жыл (1936)


                                                    Ұстаз,  ақын,  журналист,  сазгер  Арғынбек  Ахметжанов
                                             1936  жылы  5  қаңтарда    Абай  ауданының  Шыңғыстау  жерінде
                                             туған. Семей педагогика училищесiн бiтiрген соң, еңбек жолын
                                             Абай ауданының Қасқабұлақ селолық мектебiнде ән-күй пәнiнiң
                                             мұғалiмi  болудан  бастаған.  Мамандығы  -    педагог  -  филолог,
                                             журналист.  Семейдiң    педагогикалық  институтын,  Алматы
                                             жоғары    партия    мектебiн  бiтiрген.  Абай  ауданында,  Семей
                                             облыстық  газетi  мен  облыстық  телерадиокомпаниясында
                  ұстаздық,    комсомол-партиялық,  журналистiк  қызметтердi  атқара  жүрiп,  40  жыл  бойы
                  қазақтың  қолөнер  шеберлiгi,  музыкалық,  ақындық,  журналистiк  шығармашылық
                  еңбектерiмен шұғылданады. Ұлы Абайдың 30-дан астам өлеңiне ән-романс,  Шәкәрімнің 2
                  өлеңіне  ән  шығарған, басқа  ақындар  мен  өз өлеңдерiне  әндер  жазып,  ел  iшiне  танымал
                  болды, бiрнеше дүркiн ән байқауларының жүлдегерi атанды. Жиыны 60 ән-романсы бар.
                  «Шыңғыстау», «Абай ұрпақтарының үнi», Абай өлеңiне жазған «Тоты құс түстi көбелек»
                  әндерi  автордың  тұсау  кесер  шығырмалары.  Әндерi  «Әнiң  болып  төгiлемiн»  (Алматы,
                  1982),  «Құлақтан  кiрiп,  бойды  алар»  (Алматы,1993),  «Сағыныш»  (Алматы  1995  ж.),
                  «Сазды сапар» (1999) т.б. жинақтарға енiп, баспа беттерiне жарияланып, республикалық
                  Қазақ  радиосының  «Алтын  қорына»  қабылданған.  Арғынбек  өз  шығармаларын
                  шәкiрттерiне,  әншiлерге  үйретiп,  телерадио-хабарлар  мен    шығармашылық  кездесулер
                  ұйымдастырып,  ұлы  Абайдың  рухани  мұрасын  насихаттап  келедi.  2008  жылы  Өскемен
                  қаласында сазгердің «Рухани жол» атты  4- томдық шығармасы  жарыққа шықты. Кітапта
                  Абай  және  Шәкәрімнің  ән,  дастан  мұрасын,  Абай  тәлімін,  автордың  ән  романстарын
                  қамтиды.    Абайдың  көптеген    өлеңдерiне  ән  жазды.  Сазгер  1998  жылдан  Семей
                  филармониясында еңбек еттi. Ахметжановтың жас кезiнде шығарған «Шыңғыстау» әнi әлі
                  күнге дейін жиі орындалып, көп дауыста да сахнада орындалып жүр. Сонымен қатар «Ел
                  табалмай», «Қалқамай, мен үндемей жүремiн көп» өлендерiн Әмiре Қашаубаев атындағы
                  әншiлер  конкурсының  лауреаты  Санақ  Әбеуов,  әншілер  Болатқазы  Еркежанов,  Гүлшат
                  Еруова тағы басқа да семейлік талантты әншілер  жиі орындайды.1967 жылдан Қазақстан
                  Журналистер  Одағының,  2002  жылдан  Қазақстан  авторлар  қоғамының,  Қазақстан
                  Республикасы  Ертіс  өңірі  композиторлар  Одағының,  1980  жылдан  Қазақстан  музыка
                  қайраткерлері одағының мүшесі болды.
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15